Төтенше температура мен қысымды қажет етпейтін өткізгіш жасалды
Төтенше температура мен қысымды қажет етпейтін өткізгіш жасалды
2 жыл бұрын 1481 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер қалыпты температурада және салыстырмалы түрде төмен қысымда электр өткізу қасиеті жоғары материал жасады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рочестер университетінің инженерлері жаңа материалды, азот қосылған лютеций гидридін ашты. Ол 20,5 °C температурада және 10 кбар қысымда электр өткізудің жоғары қасиетіне ие. Осы ерекшелігіне байланысты мұндай материалды электр стансаларындағы шығынды азайту бойынша маглевтер мен тиімді электроникаға дейін нақты әрі кеңінен қолдануға болады. Электрді өткізу қасиетін арттыру үшін көптеген жағдайда материалдың қарсыласу деңгейі нөл болуы тиіс, яғни, кедергі келтіретін қандай да бір ерекшеліктен ада болуы керек, алдайдағ материалдың қарсыласу деңгейін нөлдік деңгейге түсіру үшін абсолютті нөлге тең температура мен аса жоғары қысым қажет. Зерттеушілер сирек жер металдарын сутегімен біріктіру арқылы жасалған гидридтерді жоғары температуралы өткізгіштер ретінде пайдаланды. Алайда, олар жұмыс істеу үшін бірнеше Мбар қысымды қажет етті, бұл қолайсыздық материалдарды іс жүзінде қолдануды қиындатады. Табиғатта сирек кездесетін металдар гидриді каркастық құрылымды қалыптастырады – онда сирек кездесетін металдар иондары тасымалдаушы донор ретінде әрекет етеді, бұл жайт өз кезегінде сутегі молекуласының диссоциалығын (ыдырауын) күшейтетін электрондардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етеді. Азот пен көміртек материалды тұрақтандырады. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеуде лютецияны (күміс түсті, икемді металл) негіз ретінде пайдаланды. Зерттеушілер 99% сутегі мен 1% азоттан тұратын газ қоспасын жасап, оны таза лютеций үлгісімен реакциялық камераға орналастырды. 200 ° C температурада бірнеше күнге созылған реакция нәтижесінде зерттеушілер көкшіл жарық ұнтағын алды. Осыдан кейін материал алмас анвилі бар ұяшықта тығыздалды. Қысым өзгерген кезде зерттеушілер салыстырмалы төмен қысымдағы қасиеті жоғары өткізгіштің «қызғылт» түстен ашық қызыл түсті өткізбейтін металдық күйге дейінгі материалдың екі ықтимал күйін тапты. Сонымен бірге, бұл бағыттағы бірқатар тәжірибе нәтижесі қалыпты температурада қасиеті жоғары өткізгіштікті индукциялау үшін 10 кбар қысымның жеткілікті екенін көрсетіп берді. Мұндай қысым атмосфералық қысымнан айтарлықтай жоғары десек те, мәселен, микрсхем өндірісінде қолданылатын технология бұдан әлдеқайда жоғары қысымды қажет етеді. Бұл жаңалық электрді өткізу қасиеті жоғары материалды түрлі салада қолдануға мүмкіндік бермек.

Азот қосылған лютецилік гидридінің қысыммен жоғары өткізгіштік күйге ауысуы. Бейне: Ranga P. Dias, Universityt of Rochester

Ұқсас материалдар:

«Қалыңдығы бір атомдай болатын «мінсіз жартылай өткізгіш» жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qalyndygy-bir-atomdai-bolatyn-minsiz-jartylai-otkizgish-jasaldy-18082/#gsc.tab=0);

«Арзан және икемді жартылай өткізгіштерді жаппай өндіру әдісі әзірленді» (https://islam.kz/kk/news/alem/arzan-jane-ikemdi-jartylai-otkizgishterdi-jappai-ondiru-adisi-azirlendi-17787/#gsc.tab=0);

«Жаңа буынды фотоникалық чиптері» үшін өнімділігі жоғары толқын жетектері жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyndy-fotonikalyq-chipteri-ushin-onimdiligi-jogary-tolqyn-jetekteri-jasaldy-17318/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат