Тергеу тәсілдерінің бірі қылмысты мойындатуда тиімділігін көрсетті
|
Ғалымдар анықтағандай, шала ұйқы қылмысты мойындауды тездетеді. Осы орайда тергеушілер тергеу барысында қылмыскерді жасаған қылмысын мойындату үшін түрлі азаптау тәсілдерін қолданатынын айта кету керек. Солардың бірі – қылмыскерді ұйқыдан қысу, яғни, шала ұйқы тәсілі. Десе де аталмыш азаптау тәсілі осы уақытқа дейін егжей-тегжейлі зерделенбеген еді. Айова штаты университетінің тұлға психологиясы мен әлеуметтік психология саласының докторы Златана Кризананың таяуда аяқталған бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көптеген жайттың бетін ашты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы бағытта арнайы жүргізілген тәжірибеге қатысқан 120 тепсе темір үзетін адамдарға қандай да бір ақпаратты есте сақтауға тапсырма береді. Содан соң оларды екі топқа бөлген. Бірінші топтағылар әдеттегіше ұйқысын қандырып оянса, екіншісіндегілер тәулігіне ары кетсе 4,5 сағат қана ұйықтаған еді. Қанша уақыт ұйықтағанын тәжірибеге қатысушының өзі де, актиграфияның көмегімен де тіркеліп отырды. Арнайы құралды, яғни, актиграфты тәжірибеге қатысушы 2 күн қатарынан тағып жүрді: қаншалықты қимылдағанына дейін қадағаланып, дене белсенділігінің деңгейі де назардан тыс қалған жоқ, сондай-ақ, ұйқы сен ояу кезінің ұзақтығы да есепке алынды. Нәтижесінде ұйқы уақытын екі есеге қысқартқандар алғашқы «тергеу» барысында ақпараттың 20%-ын айтып қойды. Ұйқысы толық қанған топтағыларға қарағанда. Ал ұйқысы толық қанғандарға қарағанда шала ұйқыдағылар (яғни, ұйқысын біршама шектегендер) ақпараттың 7%-ын айтып қойды. Шала ұйқыдан тілі күрмеліп немесе басқадай ауытқу орын алмаса да, олардың сөйлеуге мүлдем зауқы соқпаса да тергеуден тезірек құтылу үшін ақпаратты айтуға асыққан.