|
Тағам ішіндегі жеуге жарамды микролазерлер тамақ өнеркәсібін түбегейлі өзгертуге қабілетті
|
Словенияның Йожеф Стефан атындағы институтының ғалымдары жеуге жарамды компоненттер - желатин, бояғыштар, қант және БАЗ негізінде микролазерлік технология әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы ecosphere.press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олар пайда болған деректерді жазуға болатын маркерлер мен ақпарат тасымалдағыштар ретінде әрекет етеді немесе микролазерлерді тамақ өнімдері туралы ақпарат жинатып, оны жарықтың көмегімен көрсетуге мәжбүрлеуге болады. Оның жұмыс істеу принципі ішкі сәулеленуі когерентті (байланыста) келеді және лазерлік сәуле пішініне ие болып, тамшы тәрізді құрылымды сыртқы жарықпен толтыруға негізделген. Резонанс әсеріне қол жеткізу үшін мұндай тамшыларды жеуге жарайтын компоненттерден жасаудың бірнеше жолы бар. Олар өздігінен ештеңе істемейді және ол өнім құрамына ешқандай әсер етпейді. Ақпарат тек сыртқы әсерден ғана ашылады - оған деректерді қабылдау және дешифровкалау үшін детектор қажет. Микролазердің спектралды сызықтары өте тар болғандықтан, олар түрлі әсерлерге өте сезімтал келеді. Сезімтал келгендіктен pH, қант деңгейі, температура, бактериялардың белсенділігі және тағамдағы басқа да көптеген факторлардың өзгеруін тіркейді. Мұндай сенсор кейін бәрі қалпына келсе де өзгерістер туралы мәліметтерд сақтайды. Мысалы, тағаммның сақтау талаптарының орындалмауын немесе өнімнің құрамын өзгерту әрекеті болғанын хабарлайды. Микролазердің көмегімен деректердің ауқымды көлемін жазуға болады - мәселен, өнімді өндіру шарттары, оның құрамы, дайындалған орны мен уақыты туралы егжей-тегжейлі ақпарат. Өлшемі небәрі 10-100 мкм болған жағдайда, мұндай таңбаны қолдан жасап алмастыру іс жүзінде мүмкін емес. Маркерлердің өнімнің өзіне кіріктірілгені маңызды, ал олардан алынған ақпаратты сол немесе өзге де күдікті тағамның шығу тегінің бөлшектерін анықтау үшін талдаудың басқа түрлерін жүргізуден гөрі оңай және жылдам.