Табиғи өнім: дәрі-дәрмек капсуласы сүттен жасалады
Табиғи өнім: дәрі-дәрмек капсуласы сүттен жасалады
3 жыл бұрын 1917 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Фралин биомедециналық зерттеу институтының ғалымдары дәріні қаптайтын наномөлшердегі капсула алу үшін сиыр сүтінен экзосомды аршып алудың тың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне әне аталмыш зерттеу материалы жаряиланған Nanotheranostics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экзосом — жасушалар нәзік молекулаларды қорғау әрі бүкіл денеге тарату үшін істеп шығаратын наномөлшердегі биологиялық капсула. Капсула ферменттік тұрғыдан ыдырауға, сондай-ақ, ішек пен қан айналымындағы қышқылды әрі температуралық қысымның ауытқуына төтеп беретіндей төзімді келеді. Сол себепті, оны дәрі-дәрмек өндірісінде пайдаланады. Алайда, оны клиникалық деңгейдегі тазалық талаптарына сай жинау – аса қиын процесс. Виргиния политехникалық университетінің жүрек-қан тамырларын зерттеу орталығының директоры әрі профессор Роб Гурдидің сөзіне қарағанда, экзосом сиыр сүтінде молынан кездеседі, алайда, оны сүттің өзге ақуыздары мен липидтерінен ажыратып алу қиынға түседі. Бұл кедергені еңсеру үшін Роб Гурдидің зертханасы пастерленбеген сиыр сүтінен экзосомды жинаудың ауқымды әдісін әзірледі. Ғалымдар бұл тараптағы тазалау тәсілін пайдалана отырып, пастерленбеген сүттің әр литрінен таза экзосомның шамамен бір шыныаяғындай мөлшерін алуға қол жеткізуі мүмкін. Осы мақсатта ғалымдар тазалаудың бірнеше кезеңнен тұратын үнемді процесін әзірлеген болатын – аталған тәсіл кальция деңгейіне әсер ететін температуралық әрі химиялық өңдеуді және сүзгіден өткізуді барынша оңтайландырады. Бұл бағытта ізденген ғалымдар патенттік процедураны да даярлап қойды. Экзосом табиғи жолмен адамның және өзге де сүтқоректілердің барлық жасуша түрлерімен пайда болады. Ол қан құрамында, лимфада, зәрде, сүт құрамында кездеседі. Қорғаушы мембранамен қапталған экзосом биомолекуланы, генетикалық материалды және химиялық сигналды жасушалар арасында жөнелтіп отырады. Экзосомды мидың қатерлі ісігі мен неврологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын терапевтік заттарды организмдегі діттеген жеріне жеткізудің жаңа тәсілі ретінде қызмет етеді – миды патогендер мен химикаттардан қорғайтын гематоэнцефалилік тосқауылдан да өтіп кете алады. 

0 пікір
Мұрағат