Суыққа аллергияның пайда болуы себебі неде?
Суыққа аллергияның пайда болуы себебі неде?
3 жыл бұрын 2728 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гиляна Сангаджиева есімді ресейлік дерматовенерологтың түсіндіруінше, кейбір адамдарда суыққа аллергия пайда болып жатады – мұндай аллергияның бес пайызы тұқым қуалайтынын тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы doctorpiter.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Организм суықтың әсерінен «криоглобулин» деп аталатын айрықша ақуыз істеп шығарады. Организм оны жат аллерген ретінде танып жатсынып, иммундық жүйенің жасушаларымен шабуылдайды», - дей келе осының нәтижесінде аллергиялық реакция (терінің қышуы, бөртуі, күлдіреу түрінде) пайда болатынын алға тартады. Суық кезде аллергияның пайда болуына тағы мынадай факторлар өз әсерін тигізеді: соның ішінде, кезінде өзін айналдырған аурулар да (мерез, инфекциялық мононуклеоз, С гепатиті, бауыр патологиясы, қатерлі ісіктің пайда болуы), дәрілік заттарды қабылдау да аллергиялық реакция тудырып жатады. Білікті маманның айтуынша, суыққа байланысты аллергиялық реакция әр организмде әр түрлі – ауа температурасына байланысты: мәселен, біреулердің организмінде суыққа аллергия 0 градуста, ал кейбіреулерде – 20 градуста пайда болуы мүмкін. Көбінесе, ауа райы күрт өзгергенде, дәлірегі, күн жылып тұрып кенеттен суығанда организм осындай аллергиялық реакция танытып жатады. Я болмаса суық суда шомылу немесе контрасты душ (ыстық пен суық суды алма-кезек пайдалану) та аллрегряиға себеп болып жатады. Таяуда ресейлік иммунолог Владимир Болибок алррегия тудыратын негізгі үш факторды атаған болатын: біріншісі - тағам өнімдері. Екінншісі – ылғал шалған бұрыштарда, қалтарыстарда, қабырғада, су құбырларында пайда болатын көгерген нәмдер, ал үшіншісі – үйдегі шаң-тозаң. 

Ұқсас материалдар: 

«Аллергия мен стресс арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/allergiya-men-stress-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-15072/#gsc.tab=0);

«Аллергия кейбіреулерде бар, кейбіреулерде жоқ – сыры неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/allergiya-keibireulerde-bar-keibireulerde-joq-syry-nede-14968/#gsc.tab=0); 

«Аллергияға қарсы тиімді зат табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/allergiyaga-qarsy-tiimdi-zat-tabyldy-14949/#gsc.tab=0); 

"Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат