Стрессіз өмірдің кері әсері бар болып шықты
Стрессіз өмірдің кері әсері бар болып шықты
4 жыл бұрын 4627 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күнделікті күйбең тіршілікте стресті аз сезінетін, яғни, ұдайы көтеріңкі көңіл күйде жүретін немесе бір қалыпты көңіл күйден танбайтындардың конгнитивті қабілеті төмен болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Emotion мерзімді басылымы мен осы жаңалық турасында хабар таратқан doi.apa.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Пенсильвания университетінің психологтері стрессіз өмірдің өз олқылығы болатынын анықтап білген. Ғалымдар бұл тарапта тәжірибеге өз еркімен қатысқан 2711 адамды қадағалап, әр сегіз сайын қалай уақыт өткізгенін және қандай көңіл күйде екенін сұрап отырған. Бұдан бөлек, бір күндегі стрестік жағдайларды да ескерген әрі тәжірибеге қатысушылардан қандай жағымды және жағымсыз жайттарды бастан кешіргендерін де сұраған. Сауалнамадан соң оларды конгнитивтік тестен өткізген. Мәліметтер сараптамасы көрсеткендей, стрессіз күн өткізгендерде созылмалы ауруларға шалдығу қатерінің аз болатыны белгілі болды, алайда, олардың қандай да бір нәрсеге назар аударуы, есте сақтау қабілеті нашар болып шыққан. Бірыңғайда стресс адамның ұдайы қырағы жүруге де септігін тигізетіні белгілі болды. Дәлірегі, стресс қандай да бір пайда болған мәселенің шешімін табуға итермелейді, бұл жайт өз кезегінде адамның конгнитивтік қабілетін арттырады. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдарда. Осы зерттеу барысында ғалымдар мәселенің түп-төркіні стрестің өзінде емес, адамның түрлі ситуацияларды қалай қабылдауына байланысты екенін алға тартып отыр. Стрестің болуы, тіпті, қалыпты жағдай саналады – сіз өмірге араласып, белсенді әрекет етуіңіздің көрсеткіші ретінде алға шығады.

0 пікір
Мұрағат