Сперматозоидтар өз бәсекелесін улайтын болып шықты
Сперматозоидтар өз бәсекелесін улайтын болып шықты
3 жыл бұрын 5225 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдары сперматозоидтардың прогрессивті жылжу қабілетінің RAC1 ақуызымен байланысты екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы journals.plos.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақуыздардың мөлшері көп болған сайын сперматозоидтің бәсекеге жарамдылығын арттырады, аз мөлшері белсіздікке ұрындыруы мүмкін. Сперматозоидтар арасындағы бәекелестік қатал – олардың барлығы ұрық жасушасын бірінші болып ұрықтандыру үшін жанталасатын болып шықты.  Берлин қаласындағы Макс Планк молекулярлы генетика институтының (MPIMG) ғалымдары t-гаплотип (гаплотип («гаплоидты генотип» терминінің қысқартылған нұсқасы) — бір хромосомадағы аллейлердің (бірдей учаскілерде (яғни, локустарда) болатын бір ғана геннің түрлі пішіні) жиынтығы. Гаплотип  бір локусте де, тұтас генде де болуы мүмкін) секілді қандай генетикалық факторлардың сперматозидтердің жеңіске жетуіне, яғни, ұрық жасушасын ұрықтандыруына ықпал ететінін сипаттаған екен. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе арқылы t-гаплотипті сперматозоидтердің прогрессивті келетінін көрсетіп берді. Олар өзгелеріне қарағанда әлдеқайда жылдам жылжитын болып шықты. Биологтер жекелеген сперматозоидтерді зерделей келе осындай тұжырымға келді. MPIMG директоры әрі аталған зерттеуге атсалысқан  Бернхард Херрманның айтуынша, t-гаплотипті сперматозоид t-гаплотиптен жұрдай сперматозоидті қатардан шығара алады. Мұның сыры: t-гаплотип барлық сперматозоидті «улайды», сонымен бірге уға қарсы затты да бөледі, бұл у тек t-сперматозоидтарға ғана әсер етеді әрі қорғайды. Яғни, бейнелеп айтқанда, барлық жарысқа қатысушы спортшылар улы су ішеді, олардың кейбірі ғана уға қарсы дәріні де қабылдайды. Ғалымдар анықтағандай, , t-гаплотипі реттеуші сигналды бұрмалап көрсететін гендердің белгілі бір нұсқаларын қамтиды. Бұл фактор сперматогенездің ерте сатысында қалыптасып, t-гаплотипіне ие барлық сперматозоидке тарайды. Қарқынды жылжуға кедергі келтіретін у дегеніміз – осы. Осылайша сперматозоидтер өз бәсекелестерін ұрықтандыру кезінде улайды. Ал уға қарсы зат хромосомдар жиынтығы сперматозоидтерге бір келкі тарағанда күшіне енеді. t-гаплотипті сперматозоидтердің тек жартысы ғана қосымша фактор тудыра алады – бұрмалап көрсетуші фактордың жағымсыз әсерін қалпына келтіре алады. Бұл қорғаныс факторы барлығына бірдей таралмайды, алайда, t-сперматозоидтерде сақталады.

Ұқсас материалдар:

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Қандай жұптарда ұл бала көп пайда болатыны анықталды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/madeniet/qandai-juptarda-ul-bala-kop-paida-bolatyny-anyqtaldy-13474/#gsc.tab=0); 

«Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/jylu-stresinin-shauhatty-qalai-zaqymdaityny-belgili-boldy-14338/#gsc.tab=0); 

«Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-erler-belsizdigin-emdeudin-tyn-tasilin-tapty-14302/#gsc.tab=0); 

«Белсіздікке ұшыраған ер адамды жүрісіне қарап анықтаудың тәсілі табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/belsizdikke-ushyragan-er-adamdy-jurisine-qarap-anyqtaudyn-tasili-tabyldy-14720/#gsc.tab=0);

«Бірдей егіздердің ДНҚ-сы толық бірдей болмайтыны анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/birdei-egizderdin-dnq-sy-tolyq-birdei-bolmaityny-anyqtaldy-14719/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат