Шәуһадтың да жадысы бар болып шықты
Шәуһадтың да жадысы бар болып шықты
5 жыл бұрын 4347 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам шәуһатының да жадысы барына көз жеткізді. Яғни, адам шәуһаты ұрықтану жадысына ие болып шыққан. Таңқаларлығы сол, бұл турасында аттай он сегіз жыл бұрын айтылып кеткен жаңалыққа ғалымдар назар аударып отыр. Дәлірегі, 2002 жылдың қыркүйек айының 13-і күні орыстардың "Известия"  мерзімді басылымында С. Лесков есімді ғалымның мақаласы жарияланды. Онда швейцариялық Цюрих университетінің медициналық орталығының нейробиологы Петер Брюггердің тәжірибесі сипатталған. Профессор Т пішініндегі 700 сперматозоидтің қимыл-қозғалысын қадағалап, зерделеген болатын. Әр тәжірибесінде сперматозоидтердің жартысы оңға, қалға жартысы солға бұрылатынын байқаған еді. Тәжірибе сайын осылай қайталанған. Ғалым бұдан да күрделі тәжірибе жүргізіп көреді: ғалым сперматозоидтерге «тұзақ» деуге келетін қулықты қолданып көреді – сперматозоидтер үшін алдымен оңға бұрылатын, содан соң «жолайрыққа» әкелетін түтікшеге салады. Сперматозоидтердің жартысына жуығы, яғни, 42 %-ы бірінші бұрылыста оңға, қалған 58%-ы «жолайрықта» солға бұрылған. Яғни, жартысы оңға кетті, қалғанымыз солға барғанымыз дұрыс деп келіскендей «саналы» әрекеті таңқалдырған болатын. Солдағылардың оңдағыларға қарағанда сәл көбірек болғанына қарағанда кей сперматозоидтер қайда бет алғанын ұмытып үлрегрен. Бұл феноменді ғалымдар сперматозоидтердің бір-бірімен «тілдесе» алатынымен түсіндірген еді. Осы орайда ұрықтану процесінің жүздеген сперматозоидпен қатар аналық жасуша болғанда ғана жүзеге асатынын естеріңізге сала кетеміз. Сперматозоидтердің 11-13-і араларындағы біреуіне, яғни,аналық жасуша ішіндегі мемранадан өте алатын мықтысына жол беру үшін өзара келісетінін алға тартып отыр. Жасуша құрылымы тұтас болатындықтан барлық тіршілік түрлерінде де сана тұтастығы принципі ұқсас келеді. Бұл құрылымдық принцип күллі ғаламда солай – бұл күллі Жаратылыстың бір Жаратушыдан жаратылғанын аңғартады. Ғалымдардың дені бірауыздан мақұлдағандай, атомдар мен молекулалар өзара әрі қоршаған ортамен ақпарат алмаса алатын, соған орай кез келген факторға квазиинтеллектуалды деңгейде жауап қатуға қабілетке ие.

0 пікір
Мұрағат