Сенесіз бе, өсімдіктен аккумулятор жасалды
Сенесіз бе, өсімдіктен аккумулятор жасалды
3 жыл бұрын 5999 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швециядағы Линчепинг университетінің органикалық электроника зертханасының Элен Ставринид есімді доценті жетекшілік еткен ғалымдары тірі өсімдіктің тамырын аккумуляторға айналдырды. Бұл жайында islam.kz порталы liu.se ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл бағытта тірі өсімдікті пайдаланған. Олар атбас бұршақтарды (фасол) құрамында ETE-S конъюгирленген олигомер кездесетін су ерітіндісімен суғарған. Бұл ертінді өз кезегінде аталған өсімдің тамырының тініне сіңіп, өткізгіштік қасиеті бар полимерлік пленкаға айналдырған. Биологтер аталған өсімдік өсіп, жеміс бергенше осы су ерітіндісімен суғаруды жалғастырған. Өсімдік табиғи цикілінен жаңылған жоқ ал топырақ астындағы тамыры электрді өткізетін қасиетке ие болған. Ғалымдар өсімдік тамырының энергияны қанша уақыт сақтайтынын анықтау үшін суперконденсатор жасайды. Онда өсімдік тамыры зарядтау және разрядтау процесінде электрод қызметін атқарған. 2015 жылы мұндай тәжірибе раущшан гүліне де жүргізілген екен. Гүлге қарағанда атбас бұршақ энергияны 100 есе артық қорландыруға (запасқа айналдырған) мүмкіндік берген. Осылайша қоршаған ортаға еш зияны жоқ энергияны тиімді жинау тәсілі пайда болды. Бұл бағытта табанды зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуынша, атбас бұршақта талшықты тамыр жүйесі жақсы дамыған. Ол өз кезегінде зарядты жинауға лайықты балама бола алады.

0 пікір
Мұрағат