Семіздікті емдеудің тағы бір тиімді тәсілі пайда болды
Семіздікті емдеудің тағы бір тиімді тәсілі пайда болды
4 жыл бұрын 2378 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралиядағы Гарвана медициналық зерттеу институтының ғалымдары қытайлық және канадалық әріптестерімен бірігіп, дәрілік заттың май тіндеріне тікелей әсер ететін тәсілді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл саладағы зерттеуде ізденісі нәтиже берген ғалымдардың айтуынша, аталмыш тәсіл бүгінгі таңда артық салмақпен күресуде қолданылып жүрген, дәлірегі, адам тәбетін қайтаруға бағытталған тәсілге қарағанда әлдеқайда қауіпсіз әрі тиімді. Бүгінде семіздікті емдеуде қолданылатын – аштықты сездірмеуге арналған дәрі-дәрмек орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетіндіктен оны абайлап, яғни, белгілі бір шектен асырмай қолдануға мәжбүр. Бұл татапта арнайы тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысы мен нәтижесі көрсеткендей, BIBO3304 дәрісі егілген кеміргіш жеті апта ішінде бірдей азықпен, бірдей мөлшерде қоректенетін өзге тышқанға қарағанда салмақты 40 пайызға кем жинаған. Мұндай нәтижеге дәрінің көмегімен май массасын азайту әрі организмнен бөлінетін жылуды арттыру арқылы қол жеткізе алған. Бұл әдіс адамға да қолданылып көрген екен - май жасушаларына әсер ету арқылы әрі кеміргіште қооданылған әдіске салып, жылу бөлетін генді белсендіру арқылы оңды нәтижеге қол жеткізген.

Ұқсас материалдар:

"Тәбетті басқару немесе семіздікті емдеу тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabetti-basqaru-nemese-semizdikti-emdeu-tetigi-tabyldy-15297/#gsc.tab=0);

"Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-tagamga-tabeti-tartyp-turatynyna-qarap-adamnyn-densaulygynda-qandai-kinarat-baryn-biluge-bolady-galymdar-13925/#gsc.tab=0);

"Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-qauipsiz-jolmen-emdeudin-tasili-tabyldy-15256/#gsc.tab=0);

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0); 

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0); 

«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0); 

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0 

 

0 пікір
Мұрағат