Семіздік тұқым қуалай ма
Семіздік тұқым қуалай ма
1 жыл бұрын 1304 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар генетиканың адамның артық салмақ қосуына қалай әсер ететінін зерттеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы Obesity Medicine Association ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғылыми деректер мен дәйектер генетиканың семіздікпен байланысы 70%-ға дейін жететінін көрсетіп берді. Мұндай гендердің бірі - адамзаттың 43% -ның бойынан табылған FTO гені (май массасымен және семіздікпен байланысты). Бұл ген калорияларды шектеуге итермелейтін проблема тудыруы мүмкін. Бұдан бөлек, артық салмақ адамның тәбетін реттейтін MC4R геніндегі өзгерістермен байланысты пайда болып жатады. Бұл генмен байланысты ауытқу ерте жастан білінеді: бала құрдастарына қарағанда тамақсау келеді әрі ондай баланың қан қысымы әдеттегіден жоғары болмақ. Сонымен қатар, семіздік дертіне адам миға адамның тойғаны туралы сигнал жіберетін лептин геніндегі мутацияға байланысты шалдығуы мүмкін. Қазіргі уақытта ғалымдар семіздікпен байланысты генетикалық факторлардың алдын алуға немесе емдеуге дәрменсіз. Қысқасы, семіздік те ген факторларымен байланысты болғандықтан тұқым қуалайтын аурулардың бірі ретінде алға шығады.

Ұқсас материалдар:

"Тәбетті басқару немесе семіздікті емдеу тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabetti-basqaru-nemese-semizdikti-emdeu-tetigi-tabyldy-15297/#gsc.tab=0);

"Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-tagamga-tabeti-tartyp-turatynyna-qarap-adamnyn-densaulygynda-qandai-kinarat-baryn-biluge-bolady-galymdar-13925/#gsc.tab=0);

"Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-qauipsiz-jolmen-emdeudin-tasili-tabyldy-15256/#gsc.tab=0);

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

"Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdik-indetinin-tagy-bir-sebebi-belgili-boldy-13342/#gsc.tab=0);

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0);

"Семіруге бастайтын ген табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semiruge-bastaityn-gen-tabyldy-15874/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат