Радиациялық жолмен салқындату арқылы мұздақтардың еруін тоқтататын тәсіл табылды
|
Жаңа радиоактивті материал электрді пайдаланбай-ақ төменгі температураны сақтай алады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұз күн сәулесінің әсерінен және одан шығатын жылу ағынының теңгерімсіздігінен (дисбаланс) ериді. Радиациялық жолмен салқындату арқылы мұзды тұрақты түрде қорғау үшін энергия шығындамай-ақ күн сәулесі мен жылудан бөлінеті энергияны теңгеруге болады. Осылайша ғалымдар бұл тараптағы зерттеу барысында иерархиялық тұрғыдан жобаланған радиациялық салқындату пленкасын жасай алды. Ғалымдар аталмыш зерттеуде целлюлоза ацтетінің экологиялық жағынан таза молекулаларын пайдаланды. Материалдың әмбебаптығы түрлі пішіндегі және көлемдегі мұздарды күн сәулесінен пассивті қорғай алады. Жаңа технологияның тағы бір артықшылығы – оны ауқымды обаға айналдыруға болады. Осылайша мұздың еруін ұзақ уақыт бойы экологиялық жолмен сақтауға болады. Сарапшылардың дерегінше, тоңазытқышы бар жүк көліктеріндегі тоңазытушы қондырғыларға компаниялар әлемдік электр энергиясының шамамен 11%-ын жоғалтады, бұдан бөлек, мұндай қондырғылар үшін пайдаланылатын энергиядан атмосфераға әлем бойынша бөлінетін парникті газдың 2,5%- бөлінеді. Жаңа материалдағы арнайы кеуектер келіп түскен күн сәулесін шашырататын тиімді орталық ретінде жұмыс істейді. Мұндағы мақсат – күн көзіндегі мұзға түсетін жылу «салмағын» мейлінше азайтуға әрі мұз жүйесін пассивті қорғауға саяды. Пленканың бір артықшылығы – өсімдік негізіндегі табиғи материалдан алынған шикі целлюлоза ацтетінен жасалған. Нәтижесінде жарқыраған күн сәулесін тиімді шағылыстыру арқылы күн сәулесінің астында радиоактивті салқындатуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Тәжірибелік қондырғының қуаты 110 Вт·м-2-ке дейін жетсе, салқындату температурасы күн сәулесі астында шамамен 12 °C-ты құраған.