Қытай медицинасынан зәрезап болған өсімдік түрлері эволюцияға ұшырай бастады
Қытай медицинасынан зәрезап болған өсімдік түрлері эволюцияға ұшырай бастады
4 жыл бұрын 4484 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Гүлді өсімдіктердің дені өзгелерден айрықшалануы үшін жұпар иіс шашуға әрі мейлінше жайқалып-жайнап өсуге көп энергия жұмсайды. Алайда, соңғы уақытта Азияның шығысында өсетін өсімдіктің бір түрі адамдардың назарынан ілінбеу үшін аман қалудың тиімді стратегиялық тәсіліне көшкен. Қытайдың ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі медицинасы шөпті гүлді адамдардан жасырынуға мүмкіндік беретін, яғни, сырт көзге шалынбауға, бүркемеленуіне қолайлы жапырақ өсіруге «мәжбүрлеген». Бұл бағытта жүргізілген зерттеу материалы Current Biology мерзімді басылымында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың дәстүрлі медицинасында кеңінен пайдаланылатын өсімдік адам назарын өзіне аудармауы үшін анық та қанық түсінен айырылып, бүркемеленуге өолайлы түскен енген. Бұл арада Делавэя шөпті гүлі (Fritillaria delavayi) турасында сөз болып отыр. Аталған өсімдік бесінші жылында гүлдейді – ашық жасыл түске енеді. Алайда, адамдар оны жиі жұлатындықтан аталған өсімдік сұр-қоңыр түскен енген. Өзі өсетін тасты-жартасты ландшафтың түсіне енуі үшін. Қытайдағы Куньмин ботаника институтының және Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің ғалымдарын таңқалдырған нәрсе: адамдар жиі жұлатын өңірлерде олардың бүркемелену үшін түсін өзгерткені болды. Ал адам аяғы сирек басатын өлкелерде аталған шөптесін өсімдіктің түсі көп өзгере қоймаған.

Рябчик с камуфляжными листьями

Fritillaria delavayi-ның эволюцияға ұшыраған түрі 

0 пікір
Мұрағат