Қоршаған ортадағы бактериялардың антибиотикке төзімділігінің артуын тежейтін тәсіл табылды
Қоршаған ортадағы бактериялардың антибиотикке төзімділігінің артуын тежейтін тәсіл табылды
4 жыл бұрын 2852 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жануарлардың көбісін бактериялық аурулардан қорғау үшін оларға түрлі жолдармен антибиотик беріледі. Алайда, уақыт өте келе антибиотикке бактериялардың төзімділігі артып, бұл төзімділік өз кезегінде генге өтіп, өзге бактерияларға да берілетін болады. Нәтижесінде дәрі-дәрмектіі емдік тиімділігі жойылады. Мәселен, үй жануарының тезегі антибиотикпен өңделіп, тыңайтқыш ретінде пайдаланылса, антибиотикке деген төзімділік гені топырақта пайда болады, артынан жауын-шашынмен бірге өзен-көлдің суына түсіп, таралады. Ғалымдар бұл процесті мейлінше азайту бағытында ізденген екен. Аталмыш зерттеу нәтижесі Environmental Science & Technology мерзімді басылымында жаряиланды. Сюй Ли есімді ғалым бастаған зерттеушілер тобы тезекпен тыңайтылған алқап пен су бетінің барынша жақындығын бағалау бойынша тәжірибе жүргізіп көрген екен. Ғалымдар бұл жерде антибиотикке төзімді гендер мен антибиотиктердің суға тап болмасы үшін қанша арақашықтықты сақтау керектігіне көз жеткізіп алмақ болады. Артынан байқағандай, үш антибиотик пен төзімді 10 геннің жетеуінің ластану орнына жету қашықтығы айтарлықтай қысқартылды. Яғни, ғалымдардың есебі бойынша су арнасы арқылы шым топырақты алқапты антиботикпен әрі төзімді гендермен ластамауы үшін кем дегенде 34 метр, ары кеткенде 67 метр арақашықтық сақталуы тиіс. Яғни, су арнасы мен алқапты арасында осынша арақашықтық сақталған жағдайда топырақтың антибиоткпен әрі төзімді гендермен ластану деңгейі барынша төмендейді.

Антибиотиктің экологиялық салдары мен зардабына бұл арада тоқталып жатпаймыз. 

0 пікір
Мұрағат