Оңтүстік Корея ғалымдары қатерлі ісік жасушаларын тауып, көзін жоятын наноробот ойлап тапты. Бұл туралы кореялық Yonhap ақпарат агенттігі мәлімдеді.
|
Қатерлі ісіктің емі Оңтүстік Кореядан табылды
|
Сонгюнгван университетінің Пак Чжэ Хен бастаған ғалымдар тобы құрастырған наноробот фотодинамикалық емдеу әдісін пайдаланады. Емдеу барысында қолданылатын жарық сезгіш дәрі сіңірілген кезде қатерлі ісіктің жасушалары өледі. Мұндай жағдайда адам ағзасындағы сау жасушаларға көп зиян келмейді.
Наноробот алтын мен титаннан жасалған және ультрадыбыс арқылы басқарылады. Әзірге бұл технология обырдың кейбір түрлерін ғана емдеуге қауқарлы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді