Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды
|
Қатерлі ісікпен күресте болашағынан көп үміт күттірген емдеу тәсілдерінің біріне CAR Т-жасушасының иммундық терапиясы жатады. Бұл жайында islam.kz порталы jitc.bmj.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тәсілде қатерлі ісікпен тиімді күресуі үшін науқастың өз иммундық жасушасын гендік терапия арқылы нығайту көзделген. Бұл бағытта арнайы ізденген ғалымдар әлсіреген иммундық жасушаны қалпына келтіріп, қатерлі ісікпен күресуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл тапты. Дәлірегі, ғалымдар гендік инженерия көмегімен иммундық жасушаны қатерлі ісікпен күресуде өз тиімділігін жоғалтып алмайтындай етіп жаңғыртқан еді. Біздің кез келге аурудан қорғайтын табиғи алғы шепте иммундық жүйе болады. Яғни, майдан даласында жаумен шайқасқанда алғы шепте жүретін сарбаздар секілді. Иммундық жүйе Т-жасушасын бактерия немесе қатерлі ісік секілді нақты патогенмен байланысты ақуыздарды іздейтін барлаушы немесе сақшы ретінде пайдаланады. Бұл жүйе қанша жерден тиімді болғанымен оған да кейде сырттан аз болса да көмек қажет. CAR Т-жасушасы негізіндегі терапия науқастың организімінен Т-жасушасын алып, оны қатерлі ісікке қарсы бағыттайтын арнайы молекулалармен жабдықтауды әрі организмге қайта енгізуді ұйғарады. Осылайша қолдан нығайтылған аталған жасуша күш алып, патогенді мейлінше дәл тауып, жоғары тиімділікпен күресетін болады. Аталмыш терпаия клиникалық сынақ кезінде өзінің тиімділігін көрсетті, алайда, бұл бағыттағы тәжірибе әзірге қатерлі ісіктің бір ғана түріне – қанның обырына (лейкемия және лимфома) қарсы қолданылып көрді. Тіннің қатты ісігі қиындық тудырады, өйткені, CAR Т-жасушасы ондай ортада тез әлсірейді. Осыны ескерген Оңтүстік-батыс Техасс университетінің мамандары Т-жасушасының әлсіреген кезде белсенділігін жоғалтпаған Cbl-b генін анықтаған болатын. Ғалымдар аталмыш жаңалықтың нақты іс жүзіндегі тиімділігін тексеріп көру мақсатында ұлтабарын қатерлі ісік жайлаған тышқанның Т-жасушасын зерделеп көрген екен: аталған жасушаның ресурсы таусылуға тақағанда Cbl-b генінің деңгейі жоғарылап кететініне көз жеткізген. Бұл жағдай өз кезегінде өзге де маңызды молекулаларды экспрессиялауға қабілетсіздік танытатын ақуыздардың белгілі бір беткі жағындағы жиынтықпен байланысты болып шықты – нәтижесінде қатерлі ісікпен күресу қауқары төмендейді. Осыған байланысты аталған жасушадан Cbl-b генін CRISPR құралының (гендік қайшының) көмегімен алып тастайды, жасушаның қатерлі ісікке қарсы белсенділігі артып шыға келді. Өзге тәжірибе барысында ғалымдар генетикалық тұрғыдан арнайы түрлендірілген, яғни, Cbl-b гені алынып тасталған кеміргішке қатерлі ісікті енгізеді. Бұл кеміргіштің бойындағы қатерлі ісік азайған. Десе де бұл етістікке тоқмейілсуге болмайды. Неге десеңіз, нақты молекулярлық тетіктің қалай жұмыс істейтінін білмей тұрып кесіп-пішіп ештеңе айта алмайсыз: Cbl-b гені Т-жасушасын қалай әлсіретеді? Міне, осы суалдың жауабын табу керек алдымен. Сонда ғана бұл зерттеудің тиянақтылығына күмән келтіруге болмайды, әйтпесе, салдары ауыр болуы ықтимал. Сонда ғана обыр дертінен зардап шеккен науқасқа нақты көмек қолын соза аламыз.