Қартаю процесін тоқтатудың жолы табылды
Қартаю процесін тоқтатудың жолы табылды
3 жыл бұрын 2945 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Сан-Диего қаласындағы Солка биологиялық зерттеу институтының ғалымдары кәрі және орта жастағы тышқандардың жасушаларын ішінара жас қылпаны келтіру арқылы қартаю процесін қауіпсіз әрі тиімді жолмен тоқтатты. Бұл жайында  islam.kz порталы earth.com  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Организм қартайған сайын оның жасушалары эпигенетикалық маркер ретінде алға шығатын, яғни,  жас организмде кездесетін маркермен салыстырғада ДНҚ-да өзге химиялық заттар түзеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген бұрынғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қартайған жасушаларға «Яманаки факторы» деп аталатын, төрт бірдей молекулаларды қайта бағдарлайтын ақуыздардың (Oct4, Sox2, Klf4 және cMyc) араласқан қосындысын үстесе, эпигенетикалық маркерді бастапқы паттерніне (қалпына) келтурі мүмкін. 2016 жылы ерте қартаю синдромына ұшыраған кеміргішке аталмыш тәсіл сәтті қолданылған болатын. Тек қартаю процесін тоқтатып қоймай, оның ғұмырын ұзарта алған еді. Ол ол ма, 2021 жылы бұл тарапта жүргізілген тәжірибе кезінде «Яманаки факторы» жас тышқандардың бұлшық етінің регенерациясын (қалпына келу процесін) тездеткен. Басқа ғалымдар бұл әдісті мидың, жүректің және көру жүйкесінің қызметін жақсартуда пайдаланған болатын. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген тың зерттеуде америкалық ғалымдар (Солко институты) дені сау, алайда, қартайған жануардың жасушаларын регенерациялау (қалпына келтіру) нұсқасын тексеріп көрген еді. Тәжірибедегі тышқандардың бір тобы (15-22 ай аралығындағы кеміргіштер, бұл адамдар жасына шаққанда 50-70 жас аралығындағы егде жас – ред.) «Яманака факторының» белгілі бір мөлшерін ұдайы қабылдап отырды, ал екінші тобындағылар (12-22 айлық, адамдар жасына шаққанда 35-70 ж.), сосын үшінші тобындағылар (25 айлық, адамның жасына шаққанда – 80 ж.) тек бір ай ғана қабылдады. Жеті-он ай бойы осы әдіспен емделген тышқандарға атаған тәсіл қауіпсіз әрі тиімді болған, ешқандай жанама кері әсері болмаған, дәлірегі, кеміргіштердің конгнитивті қабілетіне, мінез-құлқына, дене салмағына теріс әсерін тигізбеген. Яғни, жеті-он ай бойы емді үзбей қабылдағадары жасарып шыға келген әрі асушалары зақымдалған жағдайда пролиферацияға қабілеті барын танытқан, яғни, организм тінінің жасушалардың бөлінуі арқылы көбею ықпалымен өсуі байқалған. Бұдан бөлек, олардың қан құрамындағы зат алмасу (метаболизм) молекуласы жас өзгешелігін көрсетпеген

Ұқсас материалдар:

«Кәріліктен қорғайтын, бұрын беймәлім болып келген тетік анықталды» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/karilikten-qorgaityn-buryn-beimalim-bolyp-kelgen-tetik-anyqtaldy-16434/#gsc.tab=0);

«Расымен де жас қан адамды жасартады – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/gylym/rasymen-de-jas-qan-adamdy-jasartady-zertteu-16161/#gsc.tab=0);

«Кастрация қартаю процесін тежейді – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kastratsiya-qartayu-protsesin-tejeidi-zertteu-16160/#gsc.tab=0);

«Оттегінің жетіспеушілігі ерте қартаюға бастайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/otteginin-jetispeushiligi-erte-qartayuga-bastaidy-15824/#gsc.tab=0);

«Кәріліктің басты тетігі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kariliktin-basty-tetigi-anyqtaldy-15781/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/gylym/kariliktin-basty-tetigi-anyqtaldy-15781/#gsc.tab=0);

«Кәрілікке бастайтын екі негізгі жат әдет аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/karilikke-bastaityn-eki-negizgi-jat-adet-ataldy-15340/#gsc.tab=0);

«Ерте қартаюға апаратын фактор анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/erte-qartayuga-aparatyn-faktor-anyqtaldy-15423/#gsc.tab=0);

«Қартаюдың үш кезеңі анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayudyn-ush-kezeni-anyqtaldy-15137/#gsc.tab=0);

«Қартаю процесінің үш кезеңі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayu-protsesinin-ush-sheshushi-kezeni-ataldy-14059/);

«Кәрілікті тежеудің тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/karilikti-tejeudin-tagy-bir-tasili-tabyldy-14455/#gsc.tab=0);

«Кәрілікті тежейтін екі түрлі дәрі жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/karilikti-tejeitin-eki-turli-dari-jasaldy-15047/#gsc.tab=0);

«Тұңғыш рет адамның қартаю процесін тежеудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-adamnyn-qartayu-protsesin-tejeudin-joly-tabyldy-14436/#gsc.tab=0);

«Қартаю процесі баялуп келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayu-protsesi-bayaulap-keledi-14524/

0 пікір
Мұрағат