Қараңғыда табиғи жолмен (электрсіз) жарқырайтын үй өсімдігі пайда болды (видео)
Қараңғыда табиғи жолмен (электрсіз) жарқырайтын үй өсімдігі пайда болды (видео)
3 ай бұрын 1440 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Light Bio компаниясы Firefly Petunia биосинтетикалық өсімдігіне алдын ала тапсырыстарды қабылдайтынын хабарлады. Дәлірегі, гені қараңғыда жарық шашатындай етіп түрлендірілген организм бар-жоғы 29 доллар тұрады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды жолмен жарық шашатын өсімдіктер жобасы өткен ғасырдың 80-ші жылдары қолға алынған еді. Аталған мезімді биологтер өсімдіктерге жарқрайтын жәндіктің генін енгізіп көрген болатын. Бүгінде замануи технология көмегімен аталмыш жоба нақты іс жүзіне асырылып отыр. Жаңа өсімдіктің негізі Оңтүстік Американың улы саңырауқұлағы - Neonothopanus nambi. Ол табиғи түрде биолюминесцентті және оның гендері зертханада өсімдіктердің алуан түріне орналастырылған. Дегенмен, бұл будандардың жарығы күңгірттеу болды, сондықтан ғалымдар алдына қойған мақсатына жету үшін тағы бірнеше жыл ізденуге тура келді. Нәтижесінде саңырауқұлақ эукариоттарымен жұмыс істеген ғалымдар «өзін-өзі қамтамасыз ететін люминесценция» деп аталатын нәрсені жасады.

 

0 пікір
Мұрағат