Қанның қатерлі ісігінің ерекше белгісі айтылды
Қанның қатерлі ісігінің ерекше белгісі айтылды
3 жыл бұрын 2099 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Терідегі көгілдір дақтар қанның қатерлі ісікке шалдығуының көрсеткіші болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Blood Cancer UK қайырымдылық ұйымының келтірген дерегіне жөн сілтеген Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандардың айтуынша, терідегі дақтар алдымен қызарып көрігенімен уақыт өте келе түсін өзгертіп, қараяды әрі ауырады. Бұл белгіні терісі қара адамдардан байқау қиын. Қан обырының өзге симптомдары: салмақтың кемуі, денедегі ісіктер, демігу, түнде терлеу, адам жүзінің қуарып немесе бозарып тұруы, инфекциялық ауруларға шалдығу қатерінің жоғары болуы, қалшылдау, дене бөртуі немесе қышуы мүмкін, сондай-ақ, буын мен сүйек қақсайды. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, қан обырының симптомдары бірден емес, біртіндеп біліне бастайды. Ол ол ма, мұндай белгілер кейбіреулерде мүлдем көрінбеуі мүмкін.

Ұқсас материалдар: 

"Ақ қан ауруының өзгеше симптомдары аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/aq-qan-auruynyn-ozgeshe-simptomdary-ataldy-14445/#gsc.tab=0);

"Аса қауіпті лейкемияның пайда болу себебі анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-qauipti-leikemiyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14763/#gsc.tab=0);

«Лейкемияны жоятын жасуша» (https://islam.kz/kk/news/gylym/leikemiyany-joyatyn-jasusha-14736/#gsc.tab=0);

«Ем қонбайтын қанның қатерлі ісігіне қарсы амал табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/em-qonbaityn-qannyn-qaterli-isigine-qarsy-amal-tabyldy-12823/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат