Қан тобы мен 49 аурудың арасында байланыс бары анықталды
Қан тобы мен 49 аурудың арасында байланыс бары анықталды
4 жыл бұрын 3896 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Швед ғалымдарының бұл тараптағы зерттеу материалы eLife деп аталатын ғылыми мерзімді басылымында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу барысында бес млн науқастың медициналық картасын зерделеп, осындай тұжырымға келген екен. 49 аурудың белгілі бір қан топтарына байланысты пайда болатынына да көз жеткізген. Мәселен, екінші қан тобындағылар тромбоздан (қанның ұюынан), ал бірінші топтағылар керісінше қанның ұйымыуынан жиі зардап шегетін болып шықты. Бірінші қан тобындағы (оң резус факторлы) әйел бала көтерген кезде, яғни, жүкті кезінде гипертониядан зардап шегіп жатады. Үшінші қан тобындағы адамдарға келсек, бүйректе тастың пайда болу қатері төмен болады – өзге қан тобындағыларға қарағанда. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеудің одан ары жалғастырылатынын алға тартып отыр. 

Ұқсас материалдар:

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-tobyndagylar-uzagyraq-omir-suredi-14884/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат