Пластик пакеттен экологиялық дизелді отын алынды
Пластик пакеттен экологиялық дизелді отын алынды
3 жыл бұрын 2002 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар пластик пакетті дизелді отынға айналдыруға мүмкіндік беретін өңдеудің тың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың түсіндіруінше, жыл сайын әлемде 300 млн тоннадан аса пластик қалдық пайда болады. Қоршаған ортаға аса зиянды пластиктің ыдырауы баяу жүретіндіктен оны өңдеуден басқа жолы жоқ. Солй еткенде ғана залалсындандыруға болады. Ғалымдардың бұл бағыттағы ізденісі туралы бірталай жаздық та. Бұл жолы ғалымдар пластик пакетті отыға айналдыру үшін каталитикалық пиролизді пайдаланды. Пиролиз — заттың көміртек негізінде термохимиялық ыдырауы. Бұл тарапта ғалымдар пластикті қайта өңдеп, оны басқа өнімдерге айналдыруға немесе жылуды пайдалана отырып, буға айналдыруға назар аударған еді. Аталмыш процесс алғашқы органикалық қалдықьы экологиялық отынға немесе өзге құнды химиялық затқа айналдыра алады. Аталған зерттеуге атсалысқан Мингхенг Ли есімді ғалымның айтуынша, бұл процесте катализатордың маңызы зор, яғни, бұл бағыттағы тәжірибенің инновациялық бөлігі ретінде салыстырмалы түрде төменгі температурада қажетті отын түрін алу үшін пиролиз процесінде маңызды рөл ойнайды. Катализатор цеолит тірегін никел мен волфрам қосылған су ерітіндісіне батыру арқылы алынды, содан соң оны 500°C темературадағы пеште құрғатты. Синтезделген катализатор пластикалық пакеттер қоспасындағы байланыстарды үзу үшін алдын ала белгіленген 360 ° C температурада жұмыс істейтін зертханада жасалған бір сатылы пиролитикалық реактормен бірге қолданылды. Пластик қалдығына қатысты тәжірибеде пайдаланылған каталитикалық процесті, сондай-ақ, пайдалы энергетикалық өнімдер алу үшін малдың көңін, қатты тұрмыстық қалдықтарын, пайдаланылған машина майын өңдеуде қолдануға болады. Ғалымдар көз жеткізгендей, пиролиз өнімі газ хроматографиялық анализді (аналитикалық химияда ыдырамай булануы мүмкін қосылыстарды бөлу және талдау үшін қолданылатын хроматография түрі) қолданатын стандартты дизелдік отынға өте ұқсас шыққан.

Ұқсас материалдар:

«Пластикті залалсыздандырудың тағы бір тәсілі табылды»( https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-zalalsyzdandyrudyn-tagy-bir-tasili-tabyldy-15793/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат