Пестицидті алмастыратын қауіпсіз балама табылды
Пестицидті алмастыратын қауіпсіз балама табылды
3 ай бұрын 470 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Cfoto / Globallookpress.com

Калифорния университетінің ғалымдары зиянкес жәндіктерді жұғу арқылы жоятын титтей құрт тұрін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Journal of Parasitology мерзімді басылымында жарияланған мақалаға жөн сілтеген Phys.org сайтындағы баспасөз аңдатпасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамға қауіпсіз құрт ауыл шаруашылы өсімдіктерінің қас жауына айналған зиянкес жәндіктермен күресіп, пестицидті алмастыра алады. Жаңа түр нематодтардың Steinernema тұқымдасына жатады. Steinernema адамдар немесе басқа сүтқоректілер үшін қауіпті емес және алғаш рет 1920 жылдары табылған. Олар арнайы құралсыз көзге көрінбейді, ені адам шашының диаметрінің жартысына, ал ұзындығы бір миллиметрге жетпейді. Личинка кезінде олардың аузы болмайды. Жәндіктерді іздейді. Тапқан жағдайжа оның организіміне енеді, содан кейін олар өз денесінен жоғары патогенді бактерияларды істеп шығарады. 48 сағат ішінде жәндіктердің іші сұйылып, шапшаң көбейетін құрттарға жем болады.

0 пікір
Мұрағат