Пациент жүрегінің дәл көшірмесі 3D-принтерінде басып шығарылады (видео)
Пациент жүрегінің дәл көшірмесі 3D-принтерінде басып шығарылады (видео)
2 жыл бұрын 1368 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Luca Rosalia et al., Science Robotics

Массачусет технологиялық институтының инженерлері 3D принтерінде басып шығаруға болатын роботты жүрек жасап шығарды. Жұмсақ және икемді модел науқастың жүрегінің өлшемі мен пішінін толығымен көшіреді және емдеуді жүрек құрылымы мен дисфункциясының жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қан айналымы жүйесінің орталық элементінің мөлшері мен пішіні әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар, әсіресе, жүрек ауруына шалдыққан адамдарда айқын білінеді: жеке функциялардың бұзылуы басқа бөліктерде гиперкомпенсацияға әкеледі, олар басқа біреудің жұмысын «өз мойнына алады». Инженерлер 3D компьютерлік моделін жасау үшін науқастың жүрегінің медициналық суреттерін пайдаланады. Олар дайын үлгіні полимер негізіндегі арнайы бояуларды пайдаланып басып шығарады. Нәтижесі - нақты пішіні пациенттің жүрегіне сәйкес келетін жұмсақ, икемді қабық. Сол сияқты аорта басып шығарылады - қанды жүректен дененің қалған бөлігіне жеткізетін негізгі артерия (қан тамыры). Жүрек қызметін барынша айнытпай салу (яғни, имитациялау) үшін инженерлер басылған жүрек пен қолқаны орап тұратын қан қысымына арналған манжеттерге ұқсас арнайы жеңдер жасады. Әрбір жеңнің астыңғы жағы жұқа өрнекті көпіршікті орамаға ұқсайды. Жең пневматикалық жүйеге қосылған кезде зерттеушілер гильзаның көпіршіктерін ырғақты түрде толтыру және оның айдау әрекетін имитациялай отырып, жүректің жиырылуы үшін шығарылатын ауаны реттей алады. Дәрігерлер пациентті мейлінше тиімді емдеу үшін моделді пайдалана алады. Мәселен, аорта стенозын емдеу үшін олар осы үлгіде имплантацияланатын клапандардың қайсысы белгілі бір науқас үшін жақсы жұмыс істейтінін тексере алады.

 

0 пікір
Мұрағат