Өсімдіктің зақымдалған жері қалай қалпына келеді - регенерация тетігі табылды
|
Австрияның ғылым және технология институтының ғалымдары өсімдіктің зақымдалған жерін қалай қалпына келтіретінін, қалай регенерациялайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өсімдіктің жасушасы адам мен жануардікіне қарағанда жылжымайды, сол себепті, зақымдалған жерді қалпына келтіруге сол маңдағы жасушалар атқарады. Австриялық биологтер бұл процестің қалай жүретінін зерделеп көрген екен: осы мақсатта тәжірибе жүргізіліп, Таль торының тамырын лазермен зақымдайды, содан соң микроскоптың көмегімен жасушалардың «реакциясын» бақылайды. Нәтижесінде регенерация процесінде ауксин гормонының шешуші рөл ойнайтынын байқаған: ол жасушада істеп шығарылады да зақымдалған жерге ойысады, осылайша өсімдіктің алған жарақатына дұрыс реакция танытуына көмектеседі. Бұл бағыттағы тәжірибені ары жалғастырып, ауксиннің деңгейін қолджан өзгертіп көреді – жасушалар зақымдалған жерге мүлдем «назар аудармаған» немесе көп мөлшерде «жауап қатқан», бұл өз кезегінде өсімдік тамырында қатерлі ісік тәрізді зиянды өскіннің, былайша айтқанда, шордың пайда болуына жол ашқан. Аталмыш зерттеу авторлары, сонымен қатар, зақымдалған жердегі жасушалардың коллапсын (жойылуын) тудырған жарақат маңындағы тіндердегі қысымның күрт өзгергенін тіркеген болатын. Ғалымдар осылайша ауксин концентрациясы мен қысым өзгерісін өсімдік регенерациясын тудыратын негізгі факторларға жатқызып отыр.