Өсімдік өзіндегі микробтардың генін бақылайтын болып шықты
Өсімдік өзіндегі микробтардың генін бақылайтын болып шықты
4 жыл бұрын 3124 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Оттава университетінің ғалымдары өсімдіктердің өзімен симбиоздағы (яғни, симбиоз -селбесу; грек, symbiosis — бірге тұрушылық) — әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі) микроорганизмдердің генін бақылайтынын анықтап білді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы және зерттеу авторымен болған сұхбат мәтіні жарияланған SciTechDaily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде жер бетіндегі барлық экологиялық жүйеге айтарлықтай әсер етуіне мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, ауыл шаруашылығын мейлінше экологиялық жағынан тиімді етуге көмектесетін болады. Ғалымдар арбакулярлы микоризалды саңырауқұлақтар (AMF) деген атпен белгілі өсімдіктер мен оның микробтық  симбионтттары арасындағы таңғажайып генетикалық реттеушіні анықтай алған. Тарқытап түсіндіріп көрейік, AMF — өсімдіктің табиғи симбионаттары, олар өсімдіктің тамырында болып, өз қожайынының өсіп-өнуіне әрі қоршаған ортаның жағымсыз факторларына төтеп беруге көмектеседі. AMF гені ұзақ уақыт бойы адамзатқа, ғылымға белгісіз болып келді. Сонымен бірге, кәдімгі жасуша бір ядроға ғана ие болса, AMF жасушасы мыңдаған ядроға ие – олар генетикалық тұрғыдан әр түрлі болуы мүмкін. Бұл ядролардың бір-бірімен өзара қалай әрекеттесетіні әлі жұмбақ күйінде қалып отыр. Таяуда бұл бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі осынау генетикалық өзгеше ағдайдан хабар бере алады. Біріншіден, ғалымдар анықтағандай, симбионит өсімдік қожайынға саңырауқұлақ симбионит тасымалдайтын мыңдаған ядро өз әсерін тигізеді. Бұдан бөлек, биологтер гені әр түрлі ядролар бір-бірімен бәсекелеспейді, керісінше өзара әрекеттеседі, бұл өз кезегінде саңырауқұлақтардың өсуіне де, өсімдіктің өсуіне де ықпал етеді.

 Ұқсас материалдар: 

"Қылқан жапырақты өсімдіктердің қыста да жасыл өңінен айнымауының сыры ашылды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qylqan-japyraqty-osimdikterdin-qysta-da-jasyl-oninen-ainymauynyn-syry-ashyldy-14584/#gsc.tab=0);

"Өсімдіктің зақымдалған жері қалай қалпына келеді - регенерация тетігі табылды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-zaqymdalgan-jeri-qalai-qalpyna-keledi-regeneratsiya-tetigi-tabyldy-14717/#gsc.tab=0);

"Ағаштан «жанармай-жағармай» алынды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/agashtan-janarmai-jagarmai-alyndy-14592/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат