Организиміне микропластик енген жәндіктің эволюциялық өзгеріске ұшырайтыны анықталды
Организиміне микропластик енген жәндіктің эволюциялық өзгеріске ұшырайтыны анықталды
3 жыл бұрын 1831 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың халықаралық тобы организиміне микропластик енген жәндіктің эволюциялық өзгеріске ұшырайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен: Chironomus riparius шыбынына микропластиктің әсерін зерделей келе келесі ұрпағының генін өзгертетініне көз жеткізген. Микропластиктің эволюциялық өзгеріске бастайтынын LOEWE биологиялық әр алуандылықтың трансляциялық геномика орталығының (TBG), Франкфурттегі Зенкенберг биологиялық әралуандылық пен климатты зерттеу орталығының (SBiK-F) және Эстонияның ұлттық химия және физика зертханасының ғалымдары да растап отыр. Олардың бұл тараптағы зерттеу нәтижесі Chemosphere мерзімді басылымында жарияланған. Зерттеу барысында микропластик бөлшектерін жұтқан, тұшшы суда тіршілік ететін Chironomus riparius шыбынының эволюциялық өзгеріске бейім келетіні белгілі болды. Бұл бағыттағы тәжірибе аталған шыбынның бірнеше ұрпағына жүргізілген: оларды қоршаған ортада кездесетін микропластик концентрациясының әсеріне ұшыратып көреді. Тәжірибенің бас кезінде жәндіктердің 50%-ы өлген. Содан соң аталған түрдің дамуында өзгеріс орын алған: үш ұрпақ ауысатын аралықта шыбын микропластикке бой үйреткен, яғни, аман қалу деңгейі артқан. Алайда, олардың генінде өзгерістер орын алған екен, осылайшы микропластикке тез бейімделген. Мысалы, қабынумен байланысты және қышқылға реакция түрінде пайда болатын стреспен күресуде маңызды рөл атқаратын гендер – қалпына келтіру және детоксикация функцияларын бұзатын жасушадағы ауытқу эволюциялық бейімделу белгілерін көрсеткен. Аталмыш зерттеуге атсалысқан LOEWE Center TBG және SBIK-F докторы Халина Бинде Дориа мұны жақсылыққа балап отыр. Дәлірегі, микропластиктің экологиялық жүйе мен биологиялық әралуандылыққа, соның ішінде табиғи түрлерге олардың өсіп-өнуіне айтарлықтай залал келтірмейтінін алға тартып отыр. Десе де микропластик бөлшектері жануарлардың қоектің заттарды сіңіруіне кедергі келтіріп, азық табылмаған жағдайда олардың организиміне зақым келтіруі мүмкін. Микропластикке бейімделу өз кезегінде өзге де бейімделу процестеріне, соның ішінде мутацияға ұшырау жиілігін бақылауда ұстау секілді өмірлік маңызы зор процестерге әсерін тигізуі мүмкін. Оның үстіне, барлық түрлердің шыбын секілді тез бейімделе бермейтінін ескеру керек. Осынау зерттеуге жетекшілік еткен профессор Маркус Пфеннингердің сөзіне қарағанда, микропластиктің  қысқа мерзімді болашақта жағымсыз салдары болмағанымен қоршаған орта мен тіршілік атаулыға микропластиктің қатері әлі күнге жете бағаланбағанын ескере отырып, қосымша зерттеулер жүргізуді қажет етпек.

0 пікір
Мұрағат