Өмір сүру ұзақтығы кәріліктің тежелуімен емес, балалар өлім-жітіміне байланысты болып шықты
|
Орташа өмір сүру ұзақтығы қартаю қарқынының баяулауымен емес, балалар өлім-жітімінің азаюымен байланысты болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert және scitechdaily.com ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, балалар мен жастар арасында өлім-жітім азайса, адам соғұрлым ұзақ өмір сүреді. Ғалымдар мұндай тұжырымға әлемнің 14 елінің ондаған түрлі адам популяциясы мен маймылдың 30 популяциясы туралы демографиялық деректерді талдау арқылы келіп отыр. Бір қарағанда, балалар өлім-жітімі мен адамның ғұмыр мерзімінің арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Ғалымдар бұл тарапта екі көрсеткіш арасындағы байланысқа назар аударған. Біріншісі – болжалды ғұмыр ұзақтығы. Бұл – адам өмірі ұзақтығының орташа жасы. Екіншісі – өмір сүру ұзақтығының теңдігі. Ол жасы ұлғайған топтағылар арасындағы өлім-жітім жиілігі. Белгілі болғандай, алғашқы көрсеткіш екіншісімен бірге артып отырады. Мәселен, Жапония мен Швецияда өмір сүру ұзақтығының жоғары теңдігі орын алған. Аталған елдердегі адамдардың дені 70-80 жасында бақилық болып жатады. XIX ғасырда бұл елдерде өлім-жітім тек қарттар арасында ғана жоғары болған жоқ еді. Сол кезде өмір сүру ұзақтығы да төмен болатын. Мұндай заңдылық маймылдар арасында да бар болып шыққан. Сонымен мұның сыры неде? Ғалымдардың бұл тұжырымын қартаюдың инварианттық жылдамдығы туралы гипотезаның дәлелі ретінде санауға болады. Аталмыш гипотеза бойынша әрбір биологиялық түрдің жастық шағы мен өмірінің биологиялық шегі болады. Яғни, өлетін мерзімі болады. Осылайша ажалдан қашып құтылу мүмкін еместігі тағы дәлелденіп отыр деуге болады.
Ұқсас материалдар:
«Ғұмырды ұзартудың (хромосомның ұшын стимуляциялау) тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartudyn-hromosomnyn-ushyn-stimulyatsiyalau-tagy-bir-tasili-tabyldy-14782/#gsc.tab=0);
«Соңғы 20 жылда адамның ғұмыры 6 жылға ұзарған» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jylda-adamnyn-gumyry-6-jylga-uzargan-14516/#gsc.tab=0);
"Ғұмырды ұзартуға септігін тигізетін өзгеше фактор табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartuga-septigin-tigizetin-ozgeshe-faktor-tabyldy-12824/#gsc.tab=0);
«Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қанша?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamnyn-ortasha-omir-suru-uzaqtygy-qansha-8475/#gsc.tab=0);
«Адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы белгілі бо»ды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-tabigi-omir-suru-uzaqtygy-belgili-boldy-12866/#gsc.tab=0);
«Болашақта адамдардың өмір сүру ұзақтығы 20 жылға қысқарады» (https://islam.kz/kk/news/alem/bolashaqta-adamdardyn-omir-suru-uzaqtygy-20-jylga-qysqarady-742/#gsc.tab=0);
«Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің сыры белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerge-qaraganda-uzagyraq-omir-suruinin-syry-belgili-boldy-15325/#gsc.tab=0);
«Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerden-uzaq-gumyr-suruinin-syry-basqada-bolyp-shyqty-13296/#gsc.tab=0);
«Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі» (https://islam.kz/kk/news/alem/aielderge-qaraganda-erler-nege-az-omir-suredi-ddu-zertteui-11685/#gsc.tab=0)