Нанобөлшектерді миға енгізудің жолы табылды
Нанобөлшектерді миға енгізудің жолы табылды
4 жыл бұрын 2716 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бұл жаңалық арқылы емі жоқ Пакринсон, Альцгеймер және өзге де нейродегенеративті аурулардан емдеуге арналға дәрі-дәрмекті тікелей миға жеткізе алатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде дәрі миға жетуі үшін көп мөлшерде беріледі. Сол көп мөлшердің тек бір бөлігі ғана діттеген жеріне жетеді. Олай болатын себебі, ми гематоэнцефалды кедергі арқылы қан тамырлар жүйесінен бөлек тұрады. Аталған кедергі миды денедегі түрлі улы заттардан қорғайды. Міне, осы кедергі тек мидың қызметіне қажетті қоректік заттарды, аз ғана сигналды молекулаларды және иммундық жасушалардың кейбір түрлерін ғана өткізеді. Бұл проблеманы еңсеру үшін ғалымдар биологиялық сыйымдылығы жоғары полимерден нанобөлшектер әзірледі. Олардың  ерекшелігі сонда – олар иммундық жүйеге көрінбейді, сол себепті, аталған кедергіден өтіп, ішіндегісін миға жеткізеді. Бұған қоса, олар улы емес әрі организмнен шығару оңай. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Канаданың ұлттық ғылыми-зерттеу институтының профессоры  Шарль Рамассамидің айтуынша, бұл нанобөлшектер жылдам еритін әрі адам организімінен шығарылуы да оңай биологиялық тұрғыдан жаттығы жоқ полилактидтен тұрады. Олар полиэтиленгликолдік қабықпен қапталған, сол себепті, бұл наноконтейнерлер иммунитеттің «көзіне шалынбайды». Бұл артықшылығы оларға қан құрамында ұзағырақ уақыт сақталуына мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта бұл тәсіл балықтар мен сүтқоректі жануарларға тәжірибе жүргізіліп, сынақтан өтіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат