Мысық қауіпсіз жануарға айналады: ғалымдар Toxoplasma gondii паразитін бұғаттайтын әдісті тапты
Мысық қауіпсіз жануарға айналады: ғалымдар Toxoplasma gondii паразитін бұғаттайтын әдісті тапты
3 жыл бұрын 2152 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германиядағы Мюнхен университетінің Маркус Мейсснер есімді профессоры Cas9 генетикалық редакциялау технологиясына негізделген генетикалық скрининг тәсілін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мысықтың бойында кездесетін Toxoplasma gondii паразитінің мысық жасушасынан шығуын қамтамасыз ететін екі генді тапты. Бұл гендер жойылса, паразиттің сыртқа шығу жолдары жабылады, нәтижесінде паразит жасушаның ішінде өледі. Бұл жаңалық өз кезегінде тиісті ақуыздардың қызметін бұғаттайтын және осылайша қауіпті паразиттің өсіп-өнуін тоқтататын белсенді заттардың дамуына жол ашады. Toxoplasma gondii паразиті Plasmodium falciparum деп аталатын безгек қоздырғышымен тығыз байланысты. Дәлірегі, аталған паразит жыл сайын жүз мыңдаған адамның ажалына себепші болып отырған осынау тропикалық аурудың қоздырғышы үшін моделді организм ретінде қызмет етеді. Мюнхен университетінің паразитологы Елена Хименес-Руис бұл жаңалықтың безгек қоздырғышының таралуына тосқауыл қоюы мүмкін екенін мәлімдеді. Осылай деген ол бұл ақуыздардың безгек қоздырғышында қандай функцияларды орындайтынын және жаңа дәрі-дәрмекті әзірлеудің ықтимал бастапқы нүктелерінің бар-жоғын анықтауға кірісетінін жеткізді. Токсоплазмоза - мысықтан адамға жұғатын инфекциялық аурулар қоздырғышы. Мұндай паразитті адамдар, сондай-ақ, шикі қайнатылған немесе пісірілген еттен де жұқтырады. Мұндай инфекция, әсіресе, аяғы ауыр әйелдерге аса қауіпті келеді – құрсақтағы шарананың дамуын тежеп, ауытқу тудырады. Аурудың қоздырғышы – бір жасушалы Toxoplasma gondii паразиті. Жасуша ішінде ол қоректік заттардың алмасуын және жасушаның синхрондалған бөлінуін қамтамасыз ететін паразитофорлық вакуоль деп аталатын шағын көпіршік тәрізді бөлімді қалыптастырады. Қалыптасқан еншілес жасушалар вакуоль ішінде бір-бірімен кіндік сымы сияқты тор арқылы байланысады. Бөлімде 64 еншілес жасушаға дейін түзілуі мүмкін. Ұрпақ жетілген бойда реттеу тетігі вакуолдің және оның ішінде пайда болған құрылымдардың еруін тудырады. Осы сәтте еншілес жасушалар мобилді болып, жаңа хост жасушаларына енеді.

0 пікір
Мұрағат