Мыс істеп шығаратын бактерия табылды
Мыс істеп шығаратын бактерия табылды
3 жыл бұрын 1847 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бразилияның Пара штаты аумағындағы шахталардың бірінен биологтер мыс сулфатымен қоректенетін әрі мыс шөгіндісін беретін өзгеше бактериялар шоғырын тапты. Бұл жаңалықты islam.kz порталы Хюстон университетінің Дебора Родригес материалы жарияланған Science Advances ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, осынау табылған бактериялар мыс сулфатын таза мысқа айналдыратын болып шықты. Аталған бактериялар бацилл түріне жатады. Оларды Бразилия аумағындағы мыс шахталарынан микроорганизмдерді зерделеу кезінде тапқан. Биологтер бактерия популяциясын зертханада арттырып, олардың қоректенетін ортасына мыс сулфатының ерітіндісін үстеген екен. Бірнеше тәуліктен кейін күкірт қышқылының тұзы мен мыстан із де қалмаған  еді, ал түбінде тексере келгенде таза мыс шөгіндісі пайда болған. Бұл жаңалықтың маңыздылығы мен өзектілігі неде? Өнеркәсіптік ауқымда мысты түрлі тұз ерітінділерінен қалпына келтіру үшін улы ерітінділер мен катализаторлар пайдаланылады. Осыған байланысты мыс өндірісі экологияға ең зиянды өндірістердің бірінен саналады. Табылған бактериялар мыс өндіру үшін бар-жоғы 14 ферментті ғана пайдаланатынын айта кетпекпіз. Ғалымдар бұл бактерияларды өнеркәсіп кезеңдерінің бірі ретінде пайдалануға болатынын алға тартып отыр. Ішінара алғанда, атомарлық мыс түрлі наноқұрылым мен катализатор және медициналық дәрі-дәрмек өндірісіне шикізат ретінде қызмет етеді.

0 пікір
Мұрағат