Криминалистер қағазға басып шығарар алдында және одан кейін қалған саусақ іздерін анықтауды үйренді
Криминалистер қағазға басып шығарар алдында және одан кейін қалған саусақ іздерін анықтауды үйренді
2 жыл бұрын 2103 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. ©Loughborough University

Бұл тараптағы жаңа технология таза қағаз парағындағы және жазу жазылған немесе тасқа басылған (баспадан шыққан) саусақ іздерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ең кереметі – саусақ ізін анықтау кезінде құжат мәтініне зақым келмейді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер күдіктінің саусақ іздері іс үшін аса маңызды құжаттан табылса, ақылды қылмыскер оларды басып шығарар алдында қолына таза парақты ұстағанын немесе принтерге апарған кезде қалдырғанын айтып, ақтала алмайды. Тіпті, ең күрделі технологиялардың өзі мұндай іздердің ары кетсе «жасын» ғана, яғни, қай уақытта пайда болғанын анықтай алады. Қылмыскерлердің немесе қаскүнемдердің мұндай қулығы немесе айласы іске аспайтын болды: британдық ғалымдар қағаздың таза кезінде қалдырылған саусақ ізін баспа бетін көрген соң да анықтауға әрі саусақ  ізінің баспа бетін көрмей тұрғанда түскенін немесе түспегенін анықтауға мүмкіндік беретін әдісті тапты. Осы уақытқа дейін қолданылып келген саусақ іздерін анықтау әдістері олардың қандай жағдайда қағаздағы басып шығару сиясының үстінде қалдырылғанын және қандай жағдайларда оның алдында қалғанын айтуға мүмкіндік бермейді. Кейбір жағдайларда бұл сауал (саусақ ізінің қағазға таза кезінде немесе баспа бетін көргеннен кейін түскенін) айыптыны анықтауда шешуші факторға айналуы мүмкін екенін ескерсек, британдық ғалымдардың бұл тараптағы технологиясының маңызы артады. Лофборо университетінің профессоры Пол Келлидің айтуынша, бұл әдіс өте қарапайым, яғни, сирек және күрделі реагенттер мен зертханалық құралдарды қажет етпейді. Алдымен мәтінмен қиылысатын (яғни, мәтін аумағындағы) саусақ ізі  анықталады. Содан кейін олар желатиннің жұқа қабатына ауыстырылады, ол саусақтың және басып шығару сиясының химиялық іздерін ішінара сіңіреді. Желатин майсыздандырылады және күкірт динитриді буымен (S2N2) толтырылған вакуумдық камераға жіберіледі. Саусақ іздері құрамында ылғал болған кезде зат полимерленіп, іздерді көрінетін етеді. Ал егер кейбір жерлер ішінара бояумен жабылған болса, онда оларға реакция болмайды және олар «анықталмаған» болып қалады. Осылайша, саусақ іздерінің үстіндегі басып шығару белгілері анық көрінеді. Егер іздер оның алдында қалдырылған болса, олар толығымен көрінеді. Профессор Келли: «Мұның басты ерекшелігі - ақпаратты жинаудың қарапайымдылығы», - деп атап көрсетеді. - Технология инвазивті емес. Сондықтан қымбат немесе тарихи құнды сирек құжаттар мен жәдігерлерді бүлдірмей зерттеуге болады». Сонымен қатар, іздерді желатинге көшіру процесінен бастапқы іздер жойылып кетпейді, егер тергеу оларды қажет етсе, мұндай процедурадан кейін оларды одан әрі зерттей алатын болады.

©Loughborough University

 

0 пікір
Мұрағат