Керамикалық «вафелдер» судан жойылмайтын химиялық заттарды аулайды
Керамикалық «вафелдер» судан жойылмайтын химиялық заттарды аулайды
3 ай бұрын 1323 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

3D басып шығарылған құрылымдар бірнеше сағат ішінде химиялық заттардың 75% дейін жояды. Бірегей құрылым қайта пайдаланылғанда тиімділігін жоғалтпайды. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Ұлыбритания ғалымдары ағынды судан улы «мәңгілік химиялық заттарды» жоюдың жаңа әдісін ойлап тапты. Арнайы өңделген 3D принтерінде басып шығарылған керамикалық торлар үш сағат ішінде ластанған судан химиялық заттардың 75%-на дейін жоя алады. Сонымен қатар, бұл құрылымдардың тиімділігі бірнеше рет қолданғанда артады. Пер- және полифторалкилді заттар (PFAS) адам денсаулығына және қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Өнеркәсіпте және күнделікті өмірде, тұрмыстық бұйымдарда кеңінен қолданылатын бұл «мәңгілік химикаттар» іс жүзінде ыдырамайды және организмде жинала келе қант диабеті мен онкологияны қоса алғанда, көптеген емі қиын, қауіпті ауруларды тудырады. Бат университетінің ғалымдары судан PFAS жоюдың жаңа әдісін ұсынды. Бұл құрылым PFAS молекулаларымен байланысатын индий оксиді қосылған керамикалық материалдардан жасалған, 3D принтерінде басып шығарылған «монолиттерді» пайдалануды ұйғарады. Бұл монолиттер бірнеше сағат бойы ластанған суға батырылады және олар жойылған кезде олармен бірге химиялық заттар жойылады. Содан кейін құрылымды химиялық заттардан тазартып, қайта пайдалануға болады Монолиттер тіс пастасына ұқсайтын материалдың қалың «жіптерінен» жасалған. Бұл жіптерді бір-бірінің үстіне қою арқылы зерттеушілер вафли дестесін алады. Мұндай құрылым осындай материалдарды өндіруді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар, PFAS зиянды заттарды барынша көп жинауға қолайлы келеді. Бұл тараптағы сынақ барысында монолиттер үш сағат ішінде судан перфтороктан қышқылының (жалпы PFAS) 53%-н жойған. 500 °C температурада пиролиз олардың қасиеттерін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Айта кету керек, монолиттерді қайта пайдалану процесі құрылғының тазалау тиімділігін арттырды: үшінші циклде PFAS-ты жою тиімділігі дәл осы уақыт кезеңінде, яғни, үш сағатта 75%-ға жеткен. Катализді (жоюды) қажет ететін басқа әдістерден айырмашылығы – мұндай тәсіл энергияны қажет етпейді. Десе де жоғары температураны қажет ететін пиролиздік регенерация (ыстықпен қалпына келтіру) процесі көп энергияны шығындайды.

Ұқсас материалдар:

"Мәңгілік химиялық заттар жарық әсерінен бір түнде ыдырайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mangilik-himiyalyq-zattar-jaryq-aserinen-bir-tunde-ydyraidy-20598/#gsc.tab=0);

"Улы «мәңгілік химиялық заттардың» тері арқылы қанға өтетіні анықталды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/uly-mangilik-himiyalyq-zattardyn-teri-arqyly-qanga-otetini-anyqtaldy-20476/#gsc.tab=0);

«Канадалық стартап «мәңгілік химиялық заттарды» жою үшін миллиондаған доллар жинады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kanadalyq-startap-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyu-ushin-milliondagan-dollar-jinady-20345/#gsc.tab=0);

«Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnitterdin-komegimen-su-jarty-minutta-mangilik-himiyalyq-zattardan-tazartyldy-video-18073/#gsc.tab=0);

«Мәңгі химикаттарды» қауіпсіз жолмен жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mangi-himikattardy-qauipsiz-jolmen-joyudyn-adisi-tabyldy-17279/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Адамзатқа қауіп төндірген «мәңгілік химиялық заттарды» жоятын реактор жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzatqa-qauip-tondirgen-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyatyn-reaktor-jasaldy-17388/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0);

«Адам организімінен 55 жаңа химиялық элемент табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-55-jana-himiyalyq-element-tabyldy-14971/#gsc.tab=0);

"Пестицидттен жойылмайтын улы химикаттар табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/pestitsidtten-joiylmaityn-uly-himikattar-tabyldy-20560/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат