Кедергіні мойындамайтын өзгеше робот құрастырылды (видео)
Кедергіні мойындамайтын өзгеше робот құрастырылды (видео)
5 жыл бұрын 2625 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Шынжыр табан» немесе «жылан бауыр» робот кез келген кедергіні еңсере алатын ерекше «қабілетке» ие. Ол алдындағы дөңес жерден өрмелеп те өте алады, сондай-ақ, одан секіріп те өте алады. Өйткені, оның денесінің бір бөлігі қатты бола алса, енді бір бөлігі икемді бол алады. Аталмыш жүйе Reconfigurable Continuous Track Robot (RCTR) деп аталады, мағынасы «Тоқтамай жылжуы үшін өзінің конфигурациясын өзгертетін робот» дегенге саяды. Оны Изралдегі Бен-Гурион атындағы университет инженерлері құрастырды. Бұл жайында IEEE Robotics and Automation Letters мерзімді басылымында жарияланған ғылыми мақалада айтылған. Бұл құрылғы сыртқы тұрпаты мен пішіні жағынан жұлдызқұртқа немесе танкке ұқсайды. Жекелеген үзбе түйіндерден жинақталған таспа болып келеді. Қатарындағы, яғни, көрші үзбе түйін арасындағы бұрыш 20945 градусқа дейін өзгереді. Бұл оның иекемділігін қамтамасыз етеді. Таспа ішінде оларды айналдыратын, үш электрлі қозғалтқыш қозғалысқа келтіретін ролик (дөңгелек) бар. Роботтың алдыңғы жағындағы тетік ұласпалы тізбекті бұғаттай алады – бұғаттаған кезде олардың бір-біріне килігуіне жол бермейді. Ол үшін әр үзбе түйін табан штифімен жабдықталған. Алдыңғы жағындағы ролик арқылы өтетін үзбе түйіндер бір-біріне параллел бұғаттала алады немесе жиырма градус бұрышпен бұғатталауы да мүмкін. Я болмаса бұғатталмауы да мүмкін. Бұл енді бұғаттау жүйесінің одан әрбір нақты үзбе түйін өткенде қандай режимде болатынына байланысты. Робот дөңестеу жерден өрмелеп жылжып өте алады – бұл үшін ол өзінің денесін бүгу үшін үзбе түйіндердің бір бөлігін бұрышпен бұғаттап тастайды. Ұзындығы шамамен 50 сантимерге дейі жететін робот 20 сантиметрге дейінгі биік дөңес жерден өте алады. Әзірге бұл жүйе тек алға қарай тік жылжи алады. Сол себепті, оны толық қолдануға әлі ерте. Осыған байланысты инженерлер бұрылуына мүмкіндік беретін құрылғы орнатуды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат