Жұлыны зақымдалып сал болып қалғандарды аяғынан тік тұрғызатын иньекция жасалды (видео)
Жұлыны зақымдалып сал болып қалғандарды аяғынан тік тұрғызатын иньекция жасалды (видео)
3 жыл бұрын 3851 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Солтүстік-батыс университетінің ғалымдары жұлынның зақымдалған жерін емдеп жаза алатын, нейрондарды қалпына келтіруге арналған құрал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы news.northwestern.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ем-дом тура мағынасында сал болып қалған науқасты дертінен құлан таза айықтырады, яғни, өз денесін басқара әрі бақылай алатын болады. Бұл тарапта тышқанға жүргізілген тәжірибеде бір ғана иньекциядан кейін төрт аптадан соң   өздігінен қимылдап-қозғала алатын жағдайға жеткен. Бұл салада төңкеріс жасаған құрал нейрондардың регенерациясын (қалпына келу процесін) іске қосатын табиғи ақуыздарды имитациялайтын (еліктеп салатын) түрлендірілген (модификацияланған) пептидтер гелінен тұрады. Негізінде жүйке жүйесі өз-өзін емдейді, алайда, әдеттегі жағдайда бұл процесс өте баяу жүреді, жылдар кетеді. Олай болатыны, күрделі ақуыздардың «өмір сүру» мерзімі қысқа, ал қарапайым пептидтердің әлеуеті бұл жағынан жоғары. Ғалымдар оларды мыңдаған блоктан тұратын алып тізбекке біріктіре алған еді – ақуыздың қызметін имитациялауы үшін. Мұндай құрылым 12 аптаға дейін «өмір сүре» алады. Бұл құралдың негізгі артықшылығы – «билейтіндігінде», яғни, би эффектісін бере алады: пептидті тізбек құрамындағы 100 мың молекула орын ауыстыра алады, тіпті, бұл құрылымнан шыға да алады. Бұл жайт оларға ұдайы қозғалыста болатын нейрондағы рецепторларды аулап, олармен жиі өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Дәрінің мұндай динамикалық құрылымы динамикалық жүйке тінінде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермек. Аталған құрал жұлынды емдеуде бес емдік қасиетімен алға шығады: ол аксондарды (нейтрит; жүйке жасушасының ұзын болып келетін цилиндрлі ұштары) қалпына келтіреді әрі олардың миелин қабығын толтырады, қан тамырларының өсуін тездетеді, осының нәтижесінде нейрондар санын арттырады, сондай-ақ, тыртық тіннің түзілу көлемін азайтады. Аталған құрал тиісті орындардан рұқсат алынған соң адамдарға қолданып көреді.

0 пікір
Мұрағат