Жерді салқындатудың тағы тәсілі белгілі болды
Жерді салқындатудың тағы тәсілі белгілі болды
2 ай бұрын 788 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jason Lee / Reuters

Дуглас Макмартин есімді Корнелл университетінің инженері жаһандық жылыну әсеріне ұшыраған жерді салқындату мақсатында атмосфераны аэрозолмен қанықтыру процесінің ауқымды моделдеу жұмыстарын қорытындылады. Бұл жайында islam.kz порталы Geophysical Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұсақталған алмас бөлшектері климат дағдарысын еңсеруге қолайлы болып шыққанымен ғалым сульфатқа тоқтады немесе жаһандық жылынудың қарқынын бәсеңдету үшін сульфатты қолпайлы деп тапты. Бұған мұндай жобаның тым қымбатқа түсетіні себеп болған - 200 трлн доллардан асады. Жер ғаламшарын салқындату міндетінің үддесінен шығу өте қиын, себебі, бұл процесс кем дегенде екі ұрпақ ауысқанша созылады және барлық адамзат үшін жаһандық салдары ауыр болмақ. Сондықтан бұл маңызды іс барынша жауапкершілікпен қарауды қажет етеді -  көптеген факторларды  ескере отырып, есептеуды талап етеді. Мәселен, күкіртке қатысты түрлі дерек болғанымен жанартау атқылаған кездегі оның залалы асыра көрсетілген. Негізгі қиындық - атмосфераға шашырайтын бөлшектердің қандай мінез танытатынын болжау. Олар бір-бірімен жабыспауы керек, әйптесе жекелеген аймақтардың ысып кету қатері жоғары , ал күкірт шоғырланып, кесекке айналуға бейім. Алмаз тозаңы, екінші жағынан, бүкіл атмосфераны қанықтырып, оның параметрлерін өзгертуге қажетті уақытта (шамамен 45 жыл) біркелкі дисперсияда қалады. Ғаламшардың 2,9 градусқа салқындауына қол жеткізу үшін, керісінше, оның қазір жүріп жатқан 2,9 градусқа жылынуының алдын алу керек немесе жол бермеу керек. Екінші жағынан, сульфат аэрозол түрінде шашырап кетуі мүмкін, ал алмаз тозаңын тасымалдап, әуеден ауаға шашуға тура келеді. Бұл процесс жыл сайын 5 млн тонна алмас тозаңы тиелген ұшақтарды жиі ұшыруды қажет етеді және ұшақ әр ұшқан сайын, яғни, оның авиақозғалтқышын пайдаланудан атмосфераға орасан зор мөлшерде парникті газ бөлінеді. Бұдан бөлек, бұл процесс  ұзаққа созылады, яғни, көп уақытты алады әрі қымбат тұрады, ал жердегі күкірт қоры өте мол. Алмаз тозаңына қарағанда осы мақсатта (жерді салқындату) күкіртті пайдалану тиімді.

Ұқсас материалдар:

Жерді салқындатудың инновациялық тәсілі айтылды

Жаһандық жылынуды бәсеңдету үшін күн көзін көлегейлеу ауқымды апатқа ұрындырады – ғалымдар

Жерді салқындатудың тағы бір тәсілі қарастырылуда

Жерді салқындату үшін атмосфераға күкірт шығарылды (видео)

Құрғақшылықпен күресудің тың тәсілі – күн көзін көлегейлеу

2019 жылы жерді салқындату тәжірибесі қолға алынады жаһандық жылынуға қарсы

Жаһандық жылынудың бетін қайтарудың тағы бір тәсілі айтылды

Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды

Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады

Күн көзінен, дәлірегі, ультркүлгін сәуледен қандай ағаштың жақсы қорғайтыны белгілі болды

Жаһандық жылынумен табиғаттың өзі күреседі – бұлтты ағартатын орман

0 пікір
Мұрағат