Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды
Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды
5 жыл бұрын 2745 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Корнелл университеті мен Intel ғалымдары ондаған аса қауіпті химиялық заттарды иісінен ажыратуға әрі зерделеуге арналған нейроморфтық чипті жұрт назарына ұсынды. Болашақта бұл технология роботтарға жасырылған қару-жарақты, жарылғыш заттарды, есірткіні және ауруды табуға көмектеседі. Ғалымдар Intel Loihi нейроморфтық чипті пайдалана отырып, мидың иіс сезу схемасына негізделген алгоритмді жасады. Молекулалар электрлі импульсты ынталандырады, яғни, стимулдайды. Ал ол (электрлі импульс) өз кезегінде қауіпті қайдан екенін білдіріп, белгі береді. Intel келтірген дерекке қарағанда, аталмыш чип  ацетон, аммиак және метанды қоса алғанда (тіпті, олардың иісі шыққан жерде басқа заттардың өткір иісі жайласа да) 10 иісті ажырата алатын болады. Десе де Intel мен Корнелл жоғарғы оқу орны жасанды интеллектіні иісті ажыратуға үйретуге тырысып жатқан әлемдегі бірден-бір жалғыз команда емес. Мәселен, Google Brain Team командасы әтірмен жұмыс істейді: иіс молекуласын сезілетін иіспен байланыстыру үшін талпынып келеді. Ал ресейлік ғалымдар жасанды интеллектіні өлімге апарып соқтыратын газ қосындысын анықтау үшін пайдаланады.

0 пікір
Мұрағат