Суды тез тазалаудың тәсілі табылды
Суды тез тазалаудың тәсілі табылды
5 жыл бұрын 3050 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары суды ауыр металдар мен қоспалардан тез тазартуға мүмкіндік беретін тәсілді тапты. Аталмыш әдіс ауызсу проблемасын шешуге көмектеседі.

Күншығыс елінің Нагой университетінің ғалымдары нанокөміртектің суды ауыр металдардың улы иондарынан тазарту мүмкіндігін арттыратын, бір сатылы процестен тұратын тәсілді жария етті. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі ACS Applied Nano Materials мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар анықтағандай, нанокөміртек суды адсорбция (Адсорбция — қоймалжың жасуша цитоплазмасының сыртқы бетіндегі коллоидты бөлшектер — мицеллдер кешенінің, беткейлік қуаттың (энергияның) әсерінен еріткіш (дисперстік) ортадағы электролит иондарын не басқа ерітінді құрамындағы немесе газдардағы бөлшектік заттарды тұтып сіңіруі – Уикипедия электронды анықтамасынан) арқылы немесе металдардың улы иондарын, органикалық қоспаларды, газдарды, бояуды сіңіру жолымен тазалау үшін пайдаланылады. Ол молекулярлы тартылыс күшінің әсерімен қорғасынды және сынапты адсорбирлеуі мүмкін. Алайда, молекулярлы тартылыс күші әлсіз болғандықтан тиімділігі төмен. Сол себепті, ғалымдар процесті күшейту үшін ауыр металдармен химиялық мықты байланыс қалыптастыратын молекулаларды үстейді. Бұдан бөлек, ғалымдар металдардың ионын адсорбирлеу үшін нанокөміртектің беткі жағын пайдаланудың тәсілін жатпай-тұрмай іздестіріп жатыр. Бұл бір мәрте пайдаланғанда иондарды көбірек адсорбирлеу мүмкіндігін арттыратын болады. Ғалымдар көміртектің қайнар көзі ретінде фенолды аминотоптың қайнар көзі ретінде APTES деп аталатын қоспамен араластырған болатын. Бұл қоспаны шыны камераға орналастырып, жоғары кернеумен әсер ете отырып, сұйықтықта плазманы қалыптастырды. «Плазмалық ерітінді процесі» 20 минутқа созылды. Амино-модификацияланған көміртектен пайда болған қара тұнба алынып, жуылып, кептірілді. Түрлі тәжірибе мен сынақ көрсетіп бергендей, аминотоп нанокөміртектің беткі жағында біркелкі жайылған. Ғалымдар нанокөміртекпен салыстырғанда процестің адсорбция мүмкіндігін арттырғанына көз жеткізді. Бұл жаңалық суды тез тазалауға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, суды тазалау шығынын азайтады.

0 пікір
Мұрағат