Жаңа қан жасушаларының өсуіндегі ауытқудан организм тез тозып, ерте қартаяды
Жаңа қан жасушаларының өсуіндегі ауытқудан организм тез тозып, ерте қартаяды
2 жыл бұрын 1352 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. ©Riccardo Maria Mantero, Flickr

Егде жастағы адамдарда ақ және қызыл қан жасушалары діңгекті жасушаларының өте аз тобымен өндіріледі: 65 жастан кейін олардың әртүрлілігі күрт төмендеп, бүкіл ағзаның қартаюын тездетеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, мұндай өзгерістер гемопоэздің ауытқуымен байланысты болуы мүмкін - егде жаста пайда болатын жаңа қан жасушаларының өндірісіндегі ауытқу. Басқа ағзалар мен жүйелерде де мұндай ауытқу болуы мүмкін. Бұл тараптағы зерттеу жұмыстарын жүргізген халықаралық ғалымдар тобына Кембридждің діңгекті жасушалары институтының қызметкері Питер Кэмпбелл жетекшілік етті. Биологтар әртүрлі жас топтарының, дәлірегі, құндақталған  нәрестелерден 80 жастағыларға дейін адамдардың қан үлгілерін зерттеді. Олардың құрамындағы эритроциттер мен лейкоциттерді скринингтік тәсілмен тексеру нәтижесі олардың өмірінің көп бөлігінде сүйек кемігінде белсенділік танытатын діңгекті жасушаларының 20 000-нан 200 000-ға дейін популяциялардың кең ауқымын өндіретінін көрсетті. Адамның өмірінің соңғы кезеңінде қызыл және ақ қан жасушаларының жартысына жуығы тек бірнеше ондаған діңгекті жасушалары арқылы жасалады. Қан жасушаларының популяциясының әртүрлілігі қатты төмендейді. Ғалымдар мұны өмір бойы, соның ішінде діңгекті жасушаларының мутацияға ұшырайтындығымен байланыстырып түсіндіреді. Бұл мутациялардың көпшілігі залалсыз және ешнәрсеге әсер етпейді, алайда, кейде діңгекті жасушаның басқаларына қарағанда біршама жылдам дамып, бөлінуіне мүмкіндік беретіндері де бар. Бастапқыда бұл дерлік байқалмайды: уақыт өте келе айырмашылық артады, мұндай жасушалар қан өндірісінде басым бола бастайды. Ал жасуша популяциясының монотондылығы олардың «сапаның» төмендеуіне және көптеген аурулардың дамуына әкеледі. Қартайған кезде мұндай процестер қанда ғана емес, теріден бауырға дейінгі басқа ағзалар мен тіндердегі жасуша популяциясы да осындай жолмен тозуы мүмкін, деп санайды Питер Кэмпбелл мен оның әріптестері. Ғалымдар бұл процестерді алдағы тәжірибелерде тексеріп көрмекші, дегенмен, олар көптеген зиянды жат әдеттердің мутациялардың жылдам жиналуына және сол арқылы организмнің мерзімінен бұрын тозуына ықпал ететінін еске салып өтті.

0 пікір
Мұрағат