Х-хромосомасының құпиясы ашылды (видео)
Х-хромосомасының құпиясы ашылды (видео)
3 жыл бұрын 2241 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар суперкомпьютердің көмегімен ген экспрессиясын ( ген экспрессиясы – гендегі ақпараттың РНҚ-ға немесе ақуызға айналатын процесі – ред.) реттеуде РНҚ рөлі мен хромосом құрылымын анықтай алды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш зерттеу материалы жарияланған  Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына жөн сілтеген SciTechDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар суперкомпьютерді пайдалана отырып, тәжірибе нәтижелеріндегі деректерге негізделген динамикалық моделдеу арқылы сүтқоректі ұрғашысының ұрығындағы бір Х-хромосомасының ажырау процесін зерттей алған. Аталмыш мүмкіндік биологтерге Х-хромосомасының инактивация процесіндегі РНҚ рөлі мен хромосом құрылымын, әрбірден соң гендер экспрессиясын тереңнен түсінуіне жол ашады әрі тұқым қуалайтын ауруларды емдеуді жаңа белеске көтереді. «Бұл хромосома маңындағы әрі оны тұйықтайтын барлық РНҚ-ны алғаш рет моделдедік»,- деді Лос-Ааламос ұлттық зертхана ғалымы, Массачуттегі жалпы бейінді емхананың әрі Гарвард бөлімшесіні физик-полимері, молекулярлы биолог Анна Лаппала. «Екі өлшемді және статикалық эксперименталды деректердің арқасында сіз хромосоманы дәл осындай деңгейде көруге рұқсатыңыз жоқ. Біз осынау моделдеу көмегімен ген экспрессиясын реттейтін процесті көре алатын болдық. Ал моделдеу жалпы бейінді Массачут емханасы мен Гарвард қызметкерлері қол жеткізген екі өлшемді эксперименталды деректерге негізделген»,- деп түсіндірді ол. Бұл модел төрт өлшемді ден саналады, өйткені, ол төртінші өлшем сапасындағы уақытты қамти отырып, қозғалысты көрсетеді, Лос-Аламос суперкомпьютерінде жұмыс істейді. Модел, сондай-ақ, 4DHiC деп аталатын молекулярлы әдіспен алынған тәжірибедегі тышқан генінен алынған деректерді де қамтиды. «Бұл тәсіл бізге осы эпигенетикалық процестің интерактивті моделін жасауға мүмкіндік береді», - деп бір артықшылығына тоқталды Гарвард медицина мектебінің генетика профессоры, Массачут жалпы бейінді емханасының молекулярлы биология кафедрасының меңгерушісі, модел негізіндегі эксперименталды деректерді ұсынған зертхана жетекшісі Джинни Т. Ли. Эпигенетика — гендер экспрессиясындағы және тұқым қуалайтын белгілердегі өзгерістерді зерттейді. Бұл өзгерістерді гендегі мутациямен шатастырмау керек. Осылай деген ол Лос-Аламос моделін Google-дегі картамен салыстырып түсіндірді: «сіз Х-хромосомасының кез келген жерін ұлғайтып, белгілі бір генді таңдап, оның маңындағы гендерді және олардың өзара әрекетін тамашалай аласыз». Бұл мүмкіндік өз кезегінде аурудың қалай таралатынын түсінуге мүмкіндік береді. «Аталған мақалада айтылған зерттеуге негіздей отырып, сарапшылар Google Earth үлгісіндегі браузерді әзірлеп жатыр, оған кез келген ғалым өзінің геномдық деректерін жүктей алады және оны әр түрлі деңгейде үлкейтіп, 3D форматында динамикалық түрде қарауына болады»,- деді Лос-Аламос ұлттық зертханасының құрылымдық биологы, бұл бағыттағы мақала авторларының бірі әрі есептеу әдісін әзірлеу жөніндегі жоба жетекшісі Карисса Санбонмацу. Аталған модледеу тәсілі, екінші жағынан, Х-хромосомасының инактивациясынан қашатын хромосоманың беткі жағындағы гендерді де көрсетеді. Моделдеуден тағы бір тұжырым: «Хромосома айтарлықтай үлкен активті Х-дан кіші активті емес Х-ға ауысқанда хромосома ядросының мейлінше тығыз келетінін, ал беткі жағының тығыздығы аздау болатынын байқайсыз. Біз, сондай-ақ, беткі жағынан қозғалыстың көп екенін де көре аламыз. Яғни, хромосома қайта түзілетін аралық аймақ бар». 

Ұқсас материал:

«Алғаш рет адам хромосомының салмағы өлшенді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/algash-ret-adam-hromosomynyn-salmagy-olshendi-15392/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат