Гиалуронды қышқыл глаукомадан қорғайтын болып шықты
Гиалуронды қышқыл глаукомадан қорғайтын болып шықты
4 жыл бұрын 3264 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Оқырманға түсінікті болу үшін медициналық терминдерді алдымен тігісін жатқызып түсіндіреміз: алдымен гиалурондық қышқыл дегеніміз не, осы сауалға тоқталамыз. Қысқаша қайырғанда, ол өзінше бір қант деуге келеді – судың мол мөлшерін ұстауға қабілетті молекулалық массасы жоғары, яғни, организм тіндеріне суды ұстап тұруға көмектеседі, осылайша организмді ылғалдың жетіспеушіліген сақтайды. Глаукома туралы мәліметті материалымыздың төменгі жағында келтірілген Уикипедия электронды анықтамадағы анықтамасынан оқи аласыз.

Бүгінде әлем бойынша 5 млн-ға тарта адам аталған аурудан суқараңғы соқыр болып қалған. Сол себепті, глаукома аса қауіпті көз ауруларының санатына жатады. Таяуда бұл бағытта – аталған ауруды еңсеруге мүмкіндік беретін емдеу тәсілі табылды, дәлірегі, Джордж техникалық институтының ғалымдары аталған ауруды ұзақ уақыт тежейтін дәрі ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәжірибедегі қояндарға егілген дәрі глаукоманың дамуын 4 айға дейін тежеген. Теориялық тұрғыдан дәрінің қауқары алты айға жетуі тиіс болатын. Аталған дәрі гиалуронды қышқыл негізінде жасалғанын айта кету керек. Глаукома көздің ішкі қысымынан пайда болады – бұл өз кезегінде көден жастың ағуына кедергі келтіреді. Ал жиналған сұйықтық көздің жүйке талшықтарын зақымдап, глаукоманың дамуына апарып соқтырады. Көзден жас екі канал арқылы сыртқа шығады: көздің алдыңғы бөлігіндегі трабекулярлы тордан және көздің алдыңғы әрі артқы бөлігі арасындағы супрахориоидты кеңістіктен. Трабекулярная сетка Pectinatum anguli iridocornealis) (JNA) — глаукома басталып келе жатқан адамдардың торлы дәнекер тін, ол өзгеріп қойғандықтан өз қызметін енді атқара алмайды. Емдеуге келетіні супрахориоидты кеңістігі. Джордж техникалық институты ғалымдарының әдісі супрахориоидты кеңістіктің «құлап» кетуіне жол бермейтін спейсер орнатудан тұрады. Бұл гиалурондық қышқылды иньекциямен енгізу арқылы жүзеге асады. Аталған қышқыл ылғалды ортаға тап болғаннан кейін гидрогел түзеді, яғни, қалыптастырады – ол сұйықтықтың ағуын қамтамасыз етіп, кеңістікті ашық қалдырады. Нәтижесінде көз ішіндегі қысым төмендеп, глаукоманың дамуы тежеледі.

Уикипедия электронды анықтамадан:

Суқараңғы (глаукома) – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруыГиппократ “glaukosіs”, ал Аристотель “glaukoma” деп атауды ұсынған, аурудың осылай аталуы 19 ғ-дың 60–70 жылдарынан қолданысқа енді. Глаукома – көзден сулы ылғалдың шығуының бұзылуымен, көзішілік қысымның (КІҚ) жоғарылауымен, көру жүйкесінің атрофиясымен және көру қызметінің үдемелі төмендеуімен жүретін аурулар тобы. Этиологиясына қарай туа пайда болған, біріншілік және екіншілік глаукома деп ажыратады. Біріншісі көзден сұйықтықтың ағып шығуына жауапты құрылымдардың дамуындағы ақауларға байланысты болады. Екіншілік глаукома көздің басқа ауруларының салдарынан (жарақаттар, қабыну және т.б) туындайды. Біріншілік глаукома бірінші кезекте көз құрылымындағы кәрілік өзгерістердің қарқындылығымен, сонымен қатар жеке анатомиялық және метаболикалық ерекшеліктерге, тамырлық, жүйкелік және эндокриндік жүйе жағдайына байланысты пайда болады. Әр науқаста барлық патогенді факторлар анықтама бермейді, ал оның кейбір бөліктері ғана анықталады. Біріншілік глаукоманы мультифакторлы ауруларға жатқызады.
Ашық бұрышты және жабық бұрышты глаукомаларды ажыратады. Бірінші жағдайда КІҚ жоғарылауы көздің дренаждық жүйесіндегі өзгерістермен, ал екіншісі – нұрқабық тамыры мен алдыңғы камера бұрышының бөгелуімен немесе гониосинехиялармен байланысты болады.[1]

Көздің ішкі қысымы белгілі бір деңгейде (орталық мөлшері 14 – 16 мм сын. бағ., 26 мм сын. бағ. болса, суқараңғы ауруына шалдығады) көздің ішкі сұйықтығының циркуляциясын реттеп отырады. Көздің қан тамырлары мен оған келетін жүйкелер қызметінің бұзылуынан көз сұйықтығының циркуляциясы нашарлап, көзден жас шығу қиындайды. Соның нәтижесінде сұйықтық жиналып, көз ішілік қысымның жоғарылауына әкеледі. Бұл көздің қалыпты жағдайдағы жұмысын төмендетіп, көздің торлы қабығына келетін жүйкелердің жұмысы бұзылады. Егер дер кезінде емделмесе, адамның көру қабілеті нашарлап, тіпті соқырлыққа да әкелуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат