Ғалымдар қардың қалай пайда болатынына қатысты жаңа теория ұсынды
Ғалымдар қардың қалай пайда болатынына қатысты жаңа теория ұсынды
4 жыл бұрын 8911 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар титтей мұз кристалының газдың, сұйықтықтың және қатты фазалардың бір мезгілде өзара, динамикалық әрекетінің арқасында өсетінін дәлелдеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қыз мезгілінде қал ұлпасы төменгі температура әсерінен ауадағы ылғалдың булануынан, яғни, будың кристалдану процесі есебінен пайда болады. Ауадағы ылғалдың мқлшері мен температураға қарай қар ұлпасы түрлі пішінге енеді. Кристалданудың 40 түрі белгілі, алайда, олардың ерте сатысында қалай қалыптасатыны белгісіз болып келген еді. Ғалымдар қар ұлпасының пайда болу процесін моделдеп, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген кейбір деталдарды байқады. Компьютерлік моделде физиктер аса маңызды деталды ескерген еді – газ тәрізді фазадан бөліну кезіндегі мұз кристалында пайда болатын судың микроскопиялық қабатына назар аударған болатын. Ғалымдар түрлі жағдайда криталдардың өсуін моделдей отырып, өсу кезінде қалыптасатын құрылым түрлеріндегі бірнеше заңдылықты анықтай алды. Мұз кристалының пішіні кристалдың түрлі шегінің өсу қарқынына байланысты қалыптасады. Ылғал аз болса, қар ұлпасы будың өзіне «енген» молекуласы арқылы өседі. Егер ылғал мол болса, онда кристалл көбінесе беткі қабаттың қалың қабығынан асқан салқын тартқан су мөлшерінде пайда болатын тетік бойынша өседі.

0 пікір
Мұрағат