Ғалымдар арықтататын пластырь жасап шығарды
Ғалымдар арықтататын пластырь жасап шығарды
7 жыл бұрын 4175

Колумбия университетіне қарасты Медицина орталығы мен Солтүстік Каролина университетінің бір топ ғалымы арықтауға комектесетін нанопластырь ойлап тапты. Жаңа өнімді олар сынақ ретінде тышқандарға қолданған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ғалымар жасап шығарған пластырь тері астындағы ақ майды қоңыр майға айналдырады. Нәтижесінде адам артық майдан арылып, арықтай бастайды екен.

Зерттеушілер денедегі майды ыдырататын росиглитазон препаратын тексеріп көрді. Пластырьдағы нанобөлшектерге орналастырылған препарат микроинелердің көмегімен теріге жабыстырылады. Кейін олар ыдырап, дәрі бөлінеді.

Нанопластырьдың пайдасын тексеру үшін ең әуелі тышқандарға сынақ жүргізілді. Ғалымдар кеміргіштерге екі түрлі пластырь жабыстырған. Олардың бірінде дәрі болса, екіншісі бос болған. Пластырь әр үш күн сайын жаңасына ауыстырылып тұрды. Зерттеу төрт аптаға созылған. Осы уақыт бойы мамандар тышқандардың салмағын, физикалық белсенділігін, тәбеті мен зат алмасу процесін бақылады. Нәтижесінде дәрісі бар пластырь жабыстырылған дененің бөлігінде май 20 пайызға азайған. Бұған қоса ақ май жасушалары азайып, есесіне қоңыр май жасушалары көбейген. Сондай-ақ, тышқандардың қанында қант мөлшері де азайған.

Ғалымдардың пікірінше, болашақта жаңа әдіс адамдарға да қолдануы әбден мүмкін.

0 пікір
Мұрағат