Ғалымдар адамзат тарихындағы ең қауіпті вирусты атады
Ғалымдар адамзат тарихындағы ең қауіпті вирусты атады
2 жыл бұрын 1117 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Covid, яғни, тәжді тажал деген атпен танымал жұқпалы індеттен көз жұмғандар қарасы орасан көп болса да ол ең қауіпті вирус емес. Адамзат жаратылғалы бері баудай түсіретін түрлі жұқпалы індетпен бетпе-бет келді. Солардың ішіндегі ең қауіптісі қайсы? Ғалымдар осы сауалдың жауабын берді. Бұл жайында islam.kz сайты Popular Science порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша алғашқы екі жыл ішінде коронавирустық пандемиядан бүкіл әлемде 15 миллионға жуық адамның өмірі қиылған. Осы кезеңде Америка Құрама Штаттарында 1918 жылғы тұмау пандемиясына қарағанда қайтыс болғандар санының көп екеніне назар аударған маңызды. Осыған қарамастан сарапшылар әлі күнге дейін Covid-19-ды өлім қатері ең жоғары вирус деп атаудан бас тартып отыр. Сарапшылар халықтың санын ескерудің маңыздылығына тоқталды. Мысалы, 1918 жылы жер бетінде адам саны айтарлықтай аз болды. Сондықтан пайыздық көрсеткіште 1918 жылғы пандемия коронавирусқа қарағанда ең қауіптісі саналады. «Вирустың өлімге соқтыру қатері мен қабілетін анықтау үшін эпидемиологтар «өлім коэффициентін» пайдаланады, яғни, індетті жұқтырған қайтыс болған адамдардың үлесі есепке алынады. Бұл көрсеткіш бойынша ең қауіпті вирус – құтыру. Клиникалық симптомдардың басталуымен ол жұқтырғандардың 99% -дан астамын жер жжастандырған. Жыл сайын әлемде 59 мыңға жуық адам одан қайтыс болады. Ғалымдардың айтуынша, өлім қаупі төмен вирустың өзі түрлі факторларға (айталық, денсаулық сақтау саласындағы олқылық, сақтану шараларының жеткілікті деңгейде жолға қойылмауы, салғырттық, т.б.) байланысты ажал құштыруы мүмкін, өйткені, індетті алдымен жұқтырғандардың басқаларға жұқтыруы үшін ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан коронавирус осындай  пропорцияларға ие болды», - деп айтылған осы тақырыпта жазылған мақалада. Тағы бір маңызды көрсеткішті - шамадан тыс өлім-жітімнің кейде орын алатынын ұмытпау керек. Біз белгілі бір кезеңдегі өлім-жітім әдеттегіден асып түсетіні туралы айтып отырмыз. Ғалымдар шамадан тыс өлім-жітімге вирустан өзге басқа факторлар себеп болуы мүмкін екенін алға тартып отыр, мысалы, реанимацияны (жансақтау бөлімінің терапиясын) қажет еткенмен науқастарға толы ауруханада дер кезінде көмек көрсетілмеуден бақилық болып жатады.

0 пікір
Мұрағат