Ғалымдар адам эмоциясының түпкі мәні мен маңызын ашты
Ғалымдар адам эмоциясының түпкі мәні мен маңызын ашты
3 жыл бұрын 2217 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың мәлімдеуінше, эмоция адам денесімен сезгенге мидың берер жауабы ретінде алға шығады. Яғни, ми қандай да бір жағдайда дереу болжамға сүйенеді, мұны адам бақылауға алынбаған реакция ретінде қабылдайды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Focus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар осы уақытқа дейін эмоцияны мидың ашу мен ызаға, қуаныш пен қайғыға, үрей мен қорқынышқа жауапты жекелеген ми бөліктерінің көмегімен пайда болады, деп топшылап келген еді. Алайда, бұл тарапта таяуда арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әрбір эмоция күллі миды қамтитын оқиға ретінде алға шықпақ. Мәселен, ми адамның басынан өткен тәжірибені пайдалана отырып, нақты бір сигналдарды біріктіреді: ішінара алғанда, дәрігер кабинетінің алдында анализ нәтижесін күту мысалында қобалжу секілді нақты бір эмоцияны тудырады. Сүйіктісін көрген кездегі жүрек қағысының жиілеуінен қозу немесе аңсары аууы мүмкін, т.б. Мидың осындай эмоциялық күйді кешуі оған дененің одан арғы әрекетін жоспарлауға мүмкіндік береді, ал бұл жайт өз кезегінде адамның сау-саламат өмір сүруіне ықпал етпек. Бұрынғы бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аса ірі қалаларда өмір сүретін тұрғындар ашу қысқан кезде қабағын түюі уақыттың 30 %-нан төмен болған, ал қалған 70 %-ын өзге мимикаларға пайдаланған. Әмбебап эмоциялық көрініс шағын, шалғай елді-мекендерде аз болатыны да дәлелденген. Сол себепті де қас-қабағын түю – ашуды білдірудің әмбебап көрінісі емес, оның көрініс табуының бір тармағы ғана. 

0 пікір
Мұрағат