Эпителия бактерияны жоятын «көбік» ақуызды істеп шығарады
Эпителия бактерияны жоятын «көбік» ақуызды істеп шығарады
3 жыл бұрын 1847 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық биологтер адам организімінің инфекциядан қорғанудың тағы бір тетігін тапты, дәлірегі, бактериялы мембрананы еріте алатын APOL3 ақуызы турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған  Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай тетікке иммундық жүйеге тікелей қатысы жоқ жасушалар ие болып шықты. Әдетте иммундық емес жасушалар организмге инфекция түскенде оны «байқап» дабыл қағатын – гамма интерферон секілді сигналды заттарды бөлетін иммундық сигналдардан белсенділігі оянады. Әсіресе, мұндай ескерту сигналдарына көптеген жағдайда «жұғу қақпасы» ретінде қызмет атқаратын асқазан ішек трактісі мен тыныс алу жолдарын қаптайтын эпителия жасушалары сезімтал келеді. Соңғы жылдары тың зерттеулерімен әлемдік қауымдастықты елең еткізіп келе жатқан Йель университетініңДжон МакМикинг (John MacMicking) есімді ғалымы мен оның әріптестері зертханада эпителия жасышасының өскіндеріне «пробиркіде) тәжірибе жүргізіп көрген екен. Бұл тарапта ғалымдар оған сальмонелла бактериясын жұқтырып көреді әрі түрлі гендердің оған қандай жауап қататынын қадағалайды. Бұл гендер арасында APOL3 ақуызын кодайтын геннің белсенділігі өзгелеріне қарағанда жоғары болғанына көз жеткізген. Бұған қоса, тәжірибе барысы көрсеткендей, аталмыш гені жасанды жолмен «бұғатталған» жасушалардың бактерия ұққан кезде алдымен жойылатыны белгілі болды. Ғалымдар электронды микроскоптың көмегімен APOL3 ақуызының бактерия жасушаларына жабысып, оның жойылуына ықпал ететініне көз жеткізген. Осы орайда сальмонелла бактериясының екі мембранамен қоршалғанын айта кету керек: бұл ерекшелік оны иммунитет шабуылына төзімді етеді. Алайда, аталған бактерияның бұл ерекшелігімен APOL3 ақуызының интерферон әсерімен іске қосылатын GBP1 ақуызымен бірігіп, тиімді күресетінін де айта кету керек. Десе де GBP1 ақуызының әрекет ету тетігі әлі де беймәлім, алайда, ол сыртқы мембрананы «сұйылтады», осылайша APOL3 ақуызына одан өтіп кетуіне мүмкіндік тудырады әрі осы ақуыз бактерияның ішкі мембранасына әсер етеді. Оның қос липидті қабаты еріп сала береді – сабынның немесе өзге детергенттің әсеріне ұшырағандай күйде болады.

Молекулы APOL3 видны на снимке как черные точки / ©Gaudet et al., 2021

0 пікір
Мұрағат