Діңгекті жасушалардан жасалынған биороботтар есте сақтауды үйренді (видео)
Діңгекті жасушалардан жасалынған биороботтар есте сақтауды үйренді (видео)
4 жыл бұрын 2578 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Тафтса және Вермонта оғарғы оқу орындарының ғалымдары әлем ұртшылығының назарына микроскопиялық «тірі роботтарды», яғни, Xenopus laevis бақасы ұрығының діңгекті жасушаларынан өсірілген ксеноботтарды ұсынған болатын. Бұл турасында кезінде, дәлірегі, осыдан аттай бір жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жазған болатынбыз (қараңыз: "Тұңғыш рет жаны бар робот жасалды" - https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-jany-bar-robot-jasaldy-fotovideo-13023/#gsc.tab=0). Биыл ксеноботтар есте сақтауды үйренді. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де мамандардың дені биоробот жасау ісіне күмәнмен қарайды – мұндай ғылыми жобаның жүзеге асуына қатысты емес бұл күмән, бұл күмән оның адамгершілікке сай келетіні немесе келмейтіні толғандырып отыр. Десе де бұл жоба ғылымда төңкеріс тудыратын, яғни, ғылымның өзге салаларының ілгеру басуына да септігін тигізетін аса ірі жаңалық ретінде қабылдануы тиіс. Роботтардың артықшылығы сонда – ұдайы жетілдіріп отыруға қолайлы технология негізінде құрастырылады. Мәселен, адам организімінің ішінде олардың жұмыс істеуі денсаулыққа зиянын тигізбейді. Ғалымдардың айтуынша, ксенобот осы заманғы медицина мүмкіндіктерін барынша арттыруға септігін тигізіп, экологтер мен биологтердің жұмысына да көмектесетін болады. Ол үшін «тірі роботтарды» дұрыс бағдарламалап үйрену керек. Ғалымдар тек өздігінен бағдар алып (бағытын анықтап), өздігінен жылжи алатын биороботтарды жасап қоймай, сонымен қатар, оларға есте сақтау қабілетін үйретті. Бұған қалай қол жеткізді? Діңгекті жасуға  EsoFP ақуызын (жарыққа жауап қататын флуоресцентті ақуыз) кодтайтын матрикалық РНҚ-ны импланттады. Өз кезегінде аталмыш ақуыз 1 биттік (бит – ақпаратты өлшеу бірлігі) жадыға ие болды. Болашақта молекулярлық жады мүмкіндігі кеңейтілетін болады – тек жарықты тауып, жауап қататын деңгейден радиоактивті, химиялық ластануды, дәрі немесе ауру әсерін анықтайтын деңгейге жеткізбек.

0 пікір
Мұрағат