Денсаулық: Стресс адамды батыл қадамға итермелейді
|
Ғалымдардың пайымдауынша, стресс аадамды батыл қадамға итермелейді. Сондай-ақ, олар стрестің адамға келіп-кетер бәлендей зияны жоғын алға тартып отыр. Алайда, бұл тұжырым оптимистерге ғана қатысты. Ал пессимистерге келсек, олар бұл кезеңнен қиыналып өтеді. Сол себепті, ғалымдар пессимситерге тек жақсылықтың болатынынаа сенуге кеңес береді.
Депрессия дерті әлемнің көптеген елдерін жайлап барады
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2015 жылы әлем бойынша депрессияның ең көп тараған ауруға айналатынын айтып отыр.
Тиісті шаралар қабылданбаса, 2020 жылға қарай дерттің бұл түрі дамыған елдермен қоса дамушы елдердің де экономикалық өсіміне кері әсерін тигізбек.
Алайда адамдардың қиындыққа төтеп беру қасиетін арттыруға арналған дәрі-дәрмектерге қатысты пікірлер алуан түрлі. Еуропада антидепресанттарға арналған рұқсат қағаздардың саны жыл санап 20 пайызға артуда. Ал адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы небәрі 0,8 пайызға азайған.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, жыл сайын 60 мыңдай еуропалық өмірімен қош айтысып жатады. Ал депрессияға қарсы дәрі-дәрмектерге тәуелді адамдардың қатары шарықтап кеткен. Психотроптық заттардың 80 пайызын қолданатын Батыс Еуропа елдерімен қоса АҚШ пен Канадада антидепресанттарды көбіне білікті психиатрлар емес, жалпы тәжірибелік дәрігерлер белгілеп береді.
Күйзеліске қарсы дәрі-дәрмектерді өмір сүру деңгейі жоғары скандинавиялықтар қолданады екен. Бұл орайда Швеция алға озған. Мұнда соңғы 20 жылда жүйке жүйесінің тозуына қарсы препараттарды қолдану 1000 пайызға артқан. 2 орында Дания, ал 3 орынға Португалия елі табан тіреген.
Бүгінде бұл тізімде 4 орында тұрған Ұлыбританияда әрбір оныншы адам күйзеліске төтеп бере алмай, түрлі дәрі-дәрмектерді қолданады екен. Тұманды Альбоин елінде соңғы 10 жылда антидепрессанттарды қолданатын адамдардың саны 2 есеге артқан. Өткен жылдың өзінде британиялық дәрігерлер 55 миллион адамға осындай дәрі-дәрмекті қабылдауға рұқсат беріпті.