Дәрігерлер тромбоз және инсульт қаупі бар қан топтарын анықтады
Дәрігерлер тромбоз және инсульт қаупі бар қан топтарын анықтады
2 жыл бұрын 1413 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қан тобын кейбір өте қауіпті аурулардың даму қаупін бағалау әрі анықтау үшін пайдалануға болады, деп санайды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Даниялық зерттеушілер қан тобының терең тамыр тромбозының (DVT) немесе аяқтардағы қан ұйығыштығының дамуына генетикалық бейімділікпен байланысын және өзара әрекеттін зерттеді. Бұл тарапта ғалымдар 66 мың адамның денсаулығына 30 жылдан астам уақытқа созылған бақылау нәтижелерін талдады. Сараптама нәтижесі II (A), III (B) және IV (AB) қан тобы бар адамдарда I қан тобы бар адамдарға қарағанда терең тамыр тромбозының даму қаупі 40%-ға жоғары екенін көрсетіп берді. Тромбоз қатерін тудырауы мүмкін өзге де факторлардың әсерін анықтауға бағытталған қосымша зерттеулер жүргізілді. Зерттеушілер IV (AB) ұан тобындағыларда бұл қатер 20%-ға, ал артық салмақтан зардап шегетіндерде 16%-ға жоғары болатынын, сондай-ақ, шылым шегетіндерде темекі тартпайтындарға қарағанда 6%-ға жоғары болатынын анықтады. Бұдан бөлек, Гарвард ғалымдары 77 000 науқасты зерттеп, қан тобы IV (AB) адамдарда жүрек ауруының даму қаупі жоғары (23%) екенін анықтады. Зерттеушілер I (0) қан тобы бар адамдардың инсультке шалдығу ықтималдығы аз (9%) деп есептейді. Сарапшылар бұл моделді әлі толық түсіндіре алмай отыр. Асқазан ауруларына келетін болсақ, швед ғалымдары екінші қан тобы бар адамдарда асқазан қатерлі ісігінің даму қаупі 20%-ға жоғары екенін анықтады. Ал қан тобы I (0) науқастардың гастрит, асқазан жарасы сияқты асқазан ауруларын тудыратын Helicobacter pylori бактерияларына төзімділігі төмен. Зерттеушілердің пікірінше, IV (AB) қан тобы бар адамдар үшін жастың ұлғаюына байланысты когнитивтік қабілеттің нашарлауы  мен деменция және Альцгеймер, яғни, алжу ауруының даму қаупі 82% құрайды.

40 жастан кейін пайда болатын тромбоздың өзгеше белгісі

Қан тамыр жүйесінің ең қауіпті ауруларының бірінен саналатын тромбоз әдетте 40 жастан кейін пайда болып жатады. Алайда, бұл дерт те өзге аурулар секілді жасарып барады – қазіргі уақытта жастар арасында да кеңінен етек ала бастаған. Бұған дене қимылын аз қажет ететін өмір салты, сән қуалап, тар киіну, бала көтертпейтін дәрі-дәрмек қабылдау, артық салмақ, қанның ұюына әкелетін өзге де факторлар себеп болып жатады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тромбоз біраз уақыт жасырын түрде дамуы мүмкін немесе шатастырушы белгілерді тудыруы мүмкін, жиі қайталанбайтын, аса ауырсынуды тудырмайтын аурулармен белгі беруі мүмкін. Солардың бірі - аяқтың ісінуі, мұны адамдардың дені шаршаудан көреді. Көбінесе пайда болатын ісіну, әсіресе, ауырсыну, аяқ бұлшықеттері мен қан тамырларының тартылатын болса, дәрігерге қаралуға тура келеді. Тромбоздың тағы бір белгісі - тобықтағы немесе табанның ұдайы жылы болуы. Тромбозы бар науқастың дене  қызуы Цельсия бойынша 40 градусқа дейін жетуі мүмкін. Көптеген жағдайларда дене температурасының көтерілуі тамыр жүйесіне әсер ететін аурудың белгілерінің бірі болып табылады. Дененің құрысуы да, кеуде тұстың ауыруы да, аяқ терісі түсінің өзгеруі де, көздің бұлдырауы да, іштің түйнеп ауруы да, бауырдың ісінуі де, т.б. тромбоз белгілері болуы мүмкін екенінмамандар жоққа шығармайды.

Ұқсас материалдар:

«Алжуға жақын қан тобы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aljuga-jaqyn-qan-toby-anyqtaldy-16263/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-tobyndagylar-uzagyraq-omir-suredi-14884/#gsc.tab=0);

«Адамға ең қауіпті қан тобы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamga-en-qauipti-qan-toby-anyqtaldy-11723/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Адамның қан тобын медициналық тексерусіз анықтаудың бір тәсілі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-qan-tobyn-meditsinalyq-tekserusiz-anyqtaudyn-bir-tasili-aityldy-14486/#gsc.tab=0);

«Қан топтарының әрбіреуіне тән аурулар туралы деректің тағы бір парасы жарияланды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toptarynyn-arbireuine-tan-aurular-turaly-derektin-tagy-bir-parasy-jariyalandy-15535/#gsc.tab=0);

«Барлық қан тобына жарамды жасанды қан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/barlyq-qan-tobyna-jaramdy-jasandy-qan-jasaldy-12455/#gsc.tab=0);

«Донорлық қанды алмастырудың жаңа тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/donorlyq-qandy-almastyrudyn-jana-tasili-paida-boldy-17385/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат