Чарльз Дарвинның теориясын жоққа шығаратын тағы бір теория пайда болды
Чарльз Дарвинның теориясын жоққа шығаратын тағы бір теория пайда болды
4 жыл бұрын 5039 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Эволюция дегенде алдымен Чарльз Дарвин еске түседі. Яғни, тек күштілер ғана тіршілікке бейімделіп, әлсіздері жойылып, осылайша сұрыпталып, жетіледі деген теорияның төңірегіндегі талас-тартыс әлі күнге толастаған емес. Әсіресе, ғылыми ортады. Дьюка университетінің когниттік нейробиология орталығының ғалымдары таяуда бұл тараптағы ізденісінің нәтижесін жариялады. Олар осы уақытқа дейін өсіп-өніп, өркен жайып келген түрлер дамуының бәсекелесінен үстем түсу арқылы жүзеге асты деген дүдәмал теорияға еш қатысы жоғын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді.  Ғалымдардың тұжырымдауынша, түрлер арасындағы достық қатынас олардың эволюциялық дамуын сәтті жүзеге асырған. Түрлер ынтымақтастық пен достыққа негізделген қатынастың арқасында тірі қалып отыр. Осының жарқын әрі көрнекті мысалы ретінде ғалымдар итті келтіреді. «Қасқырлардың достыққа берік тұқымы, адамдарға жақындасты, меніз-құлқы өзгеріп, сыртқы кескін-келбеті өзгерді. Өкінішке қарай, олардың туыстары болып келетін қасқыр жойылудың алдында тұр. Иттер қасқыр тұқымдас, аңшылықтан гөрі адамдарға арқа сүйеп, жеңіске жетті»,- дейді ғалымдар. Тек жануарды ғана емес, сонымен қатар, өсімдіктерді де үлгі етіп отыр. Тозаңын тарату үшін жәндіктерді тартып, өзіне де, жәндіктерге де пайда келтіріп отыр. «Өсімдік азықпен және энергиямен қамтамасыз етеді, ал жәндіктер тозаңдану процесін жүзеге асырып, өсімдіктердің өсіп-өнуіне жағдай жасайды»,- деді артынша. Ғалымдар, сондай-ақ, тек иттермен және өсімдіктермен шектеліп қалмай, маймылдар арасындағы бұл тараптағы айырмашылық арқылы да достық пен ынтымақтастықтың эволюциялық дамуға қаншалықты серпін беретінін атап өтті. Мәселен, былайғы жұрт шимпанземен шатастырып жататын бонобо маймылын алайықшы. Шимпанзе дүлей келеді, кейде бір-бірін өлтіруге дейін барады. Ал бонобоның иерархиясы өзгеше: ұрғашысы басқарады әрі соған бағынады, бір-бірімен барынша тату-тәтті, бейбіт өмір сүреді. Азықты да бөліп жейді. Бонобо шимпанзеге қарағанда қарасы көп. Бұл да олардың достық пен ынтымақтастыққа негізделген эволюциялық жолмен дамуының жетістігін әйгілейді. Ғалымдар осындай деректерді көлденең тарта келіп, достықтың ұтымды стратегия екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат