Ч. Дарвин теориясын жоққа шығаратын тағы бір айғақ табылды
Ч. Дарвин теориясын жоққа шығаратын тағы бір айғақ табылды
4 жыл бұрын 13655 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар эволюция ғылымының атасы атанған Чарльз Дарвиннің барлық тірі нәрсенің бір тектен тараған дейтін әйгілі теориясын жоққа шығаратын өзгеше құстың тасқа айналған мүсінін тапты. Бұл жайында islam.kz шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, осыдан 68 млн жыл бұрын қазіргі Мадагаскар аумағында тіршілік еткен Falcatakely forsterae деп аталатын өзгеше құстың мезозой дәуірінің бор кезеңінде тіршілік еткені анықталды. Компьютерлік томография көмегімен. Дене тұрқы осы күнгі қарғаның бойындай оның сол кезде тіршілік еткен алып динозаврлардың жанында өмір сүргені таңқалдырады. Ең бастысы, ғалымдарды оның бас пішіні қайран қалдырып отыр: оның басы өзінен ондаған млн жыл кейін пайда болған тукандікі секілді тұмсығы бар велоцираптордың (динозаврдың бір түрі) басына ұқсас. Америкалық анатомия профессоры Патрик О’Коннордың айтуынша, осы күнгі құстың тұмсығының астында тек бір сүйек қана болса, Falcatakely forsterae құсының бұл тараптағы жаратылысы өзгеше болып шыққан. Америкалық профессордың сөзіне қарағанда, бұл конвергентті (анықтамасы төменде келтірілген – ред.) эволюцияның жарқын үлгісі бола алады. Яғни, ұқсас белгілердің әр түрлерде бір-біріне еш байланыссыз дамуы турасында сөз болып отыр бұл арада. Сол себепті, ғалым Дарвиннің теориясының ескіргенін алға тартып отыр.

Уикипедия электронды анықтамадан: Конвергентті эволюция (лат. con — бiрге, лат. vergere — жақындасу) — туыс емес екі таксонның бірдей филетикалық бағытта қатар дамуы. Конвергенция әртүрлі топтың өкілдері ұқсас экологиялық жағдайларда тіршілік етсе байқалады. Мысалы, акулалардың және киттәрізділердің дене формасының ұқсас болуы конвергенттік эволюция нәтижесі болып саналады.[1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1.  С.А.Әбилаев,Е.Ө.Қуандыков "Медициналық биология және генетика" 2004 ж.
0 пікір
Мұрағат